Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.
ВЕДАЛАР (санскр. veda – білім) – үнді әдебиетінің ең көне (б.з.д ІІ мыңжылдықтар соңы – б.з.д. І басы) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атохорваведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтар) тұрады. В-дан Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. В. мифологиясы өте тартымды болып келеді. Оның басты кейіпкерлеріне бір-бірімен ғарыштық қақтығыста болатын Дэвалар мен Асуралар құдайылық кландары жатады. Дэвалар ғарышты ретке келтіруші, үйлестіруші, құрастырушы, сақтаушы күштерге жатады. Олардың арасында жиі айтылатындары: Агни, Брихаспати, Вануна, Вайо, Вишну, Индра, Митра, Пушан, Савитар, Сурья және т. б. Индра Дэвалардың патшасы ретінде құрметтеледі. Яджурведада Рудру Жо- ғары Құдай ретінде басқаларынан жоғары қойылады. Ведалық құдайлар пантеонында көпшілігінің анасы түрінде Адите қарастырылады және ол Әлемнің Аналық Өрісі деп алынады. Асуралар қатігез, ашулы ғарышқа бас- тау болатын ретсіз, стихиялық материяны білдіреді. Дэвалар мен Асура- лардың арасындағы шек шартты түрде болады, ғарыштық процесте кейбір Асуралар Дэвалар қатарына өте алады. В. мифологиясында құдайлардан басқа абыздар, батырлар, демондар да әрекет етеді. Олардың барлығы «рита»
151
деп аталатын әлемдік бір заңға бағынады және ақиқат («сатья»), парызбен («врата») байланысты. В-да құдай мен адамның арасындағы үйлесімділікті маңызы дәріптеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |