Оқушылар топқа бөлінеді ,топ басшысын сайлаймыз.
Қайырлы күн, құрметті теле-көрермендер! Эфирде-7 «Ә» сыныбы арнасы. Бүгін күн – сәрсенбі , ақпанның 7-і. Студияда мен – Жалалова Жасмин «Құрмаш» тобының топ басшысы .
Топты таныстыру:
1-топ басшысы Жалалова Жасмин сөзімді Елбасының сөзі Н.Н.Әбішұлының «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласында айтып кеткендей
«Табысты болудың ең іргелі басты факторы -білім » деген ұстанымымен бастағым келеді.
/топ мүшелерін таныстырып өтеді/
2-топ басшысы: Төрехан Ақмарал
Біліміміздің салтанат құруы үшін- біз жастар - болашақ ұрпақтың кепілі, көкірегі ояу, көзі ашық, өзгенің жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіре білетін жақсы азамат болып өсу біздің басты мақсатымыз.
/топ мүшелерін таныстырып өтеді/
2 топтың ұраны ( оқушылар бірге)
«Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін »
2 –топ басшысы Ақмарал.
Назар аударыңыздар бүгінгі күннің басты жаңалықтарымен таныс болыңыздар.
Мұғалім сөзі:
Жаз жайлаған жапырақтардың ірісің,
Күз жайлаған топырақтардың ірісің,
Қазағымның маңдайына біткен сен
Ұлылардың, ұлылардың бірісің?-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, жазушылық, суреткерлік шеберлігімен әлемдік әдебиеттен ойып тұрып орын алған заманымыздың заңғар биігі, қазақ үшін екінші Абай атанған, халқымыздың біртуар перзенті жазушы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып аяқтадық.
|