САБАҚ: Қазақ тілі
|
Мектеп: «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп»
|
Күні: 03.02.2022
|
Мұғалім: Касенова Зира Сейілбековна
Машықтанушы: Турекулова Милана Сапарбаевна
|
Сынып: 7 «А»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қасқырлар әлемі
|
Оқу мақсаты:
|
7.3.2.1-әдеби жанр түрлерінің даму барысына,жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: әңгіменің мазмұнын біледі,құрамдас бөлшектерді түсінеді
|
Оқушылардың басым бөлігі: :Сюжеттің бөлшектерін бір-бірінен ажыратады.
|
Кейбір оқушылар: Әдеби шығармадағы образдарға талдау жасай отырып, шығарманың бөлшектерін талдайды, сюжеттік желісі бойынша ұтымды ой айтады.
|
Бағалау критерийі:
|
1.Шығарма мазмұнын, идеясын түсінеді;
2.Шығарманың сюжеттік желісіне қарай талдап, дамуы бойынша баяндайды; · 3.Сыни ойлауларын жеке, жұп, топ ішінде көрсете біледі
|
Құндылыққа баулу:
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, және азаматтық жауапкершілік.
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Сұрақ – жауап, «мәтін бойынша әңгіме» әдісі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтың барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
|
І. Ұйымдастыр кезеңі
Сынып оқушыларымен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
(Оқушылар орындарынан тұрып ілтипат көрсетеді)
Кезекшінің көмегімен сыныпты түгендеу:
Балалар бүгін кім кезекші?
Бүгін сыныпта ......... кезекшімін.
Сынып оқушылары түгел ме?
Сыныпта ..........
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
|
II. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар біз бүгінгі сабақта «Қаcқырлар әлемі» деген тақырыпты өтеміз.
« Талқылауға арналған сұрақтар: - Мәтін желісіне қарай сұрақтар
- Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған? Жазушы ойын қалай түсіндірер едің?
- Қалай ойлайсың, әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?
1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?
2. Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады дегенді қалай түсінесің?
3. М.Әуезов кім?
1-тапсырма:
1-оқушыға әңгімелету
1. Көксеректі суретте.
Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.
2. Салыстыр.
Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?
Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.
Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.
3. Қолданыңыз.
Көксерек туралы ел не дейді?
Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?
2 – тапсырма:
«Көксерек» тақырыбына сөзжұмбақ шешу
3-тапсырма
«Бес жолды өлең» стратегиясы. Синквейн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік. 1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды 4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал. 1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды, 4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген
|
Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар,
|
Рефлексия
|
Рефлексия. (Стикерге өз ойларыңды жазып жапсыру)
Шығарма несімен ұнады? Сүйікті кейіпкерлерің? Жасалған қорытынды
|
стикер
|
Сабақтың аяқталуы
|
Үйге тапсырма: "Адам және табиғат" тақырыбында шағын ой толғау
|
Стикер
|
Мұғалім: « » Касенова З.С.
(баға, қолы, аты-жөні)
Әдіскер: « » Касенова А.К.
(баға, қолы, аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |