Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет159/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ВИНДЕЛЬБАНД Вильгельм – 1848 жылы 11 мамырда Потсдамда туылып 1915 жылы 22 қазанда Гейдельбергте қайтыс болған неміс фило- софы, жаңакантшылдық Баден мектебінің негізін қалаушы. Цюрих (1876), Фрейбург (1877), Страсбург (1882) және Гейдельберг (1903) универси- теттерінің профессоры. Ол философия тарихы бойынша мынадай еңбек- терімен белгілі: Ежелгі философия тарихы (1888 ж.) және Жаңа философия тарихы (1878–1880 жж.). Бұдан басқа «Еріктің еркіндігі туралы», «XIX ғасырда неміс рухани өміріндегі философия» еңбектерін жариялады.
Өз жұмыстарында В. философияны білімнің құрылымын логикалық талдаумен айналысатын ғылыми әдіснама деп қарастырды және тарихи білімнің әдіснамасын қалыптастыруға тырысты. Ең алдымен ол ғылымдар- дың танымдық мақсаттарының формальдық сипатының негізінде оларды номотетикалық (жалпы заңдарды зерттейтін) және идеографиялық (тарихи айғақтарды, жалқы ерекшеліктерді сипаттайтын) деп бөледі. Зерттеудің номотетикалық әдісінде ойлау жалқыдан жалпыны түсінуге өтуге тырысса, идеографиялық тәсілде ойлау жалқыда тұрақтайды. В. пікірінше, бұл екі әдістің келтіретін пайдасы бірдей. Тұтас таным бұл екі тәсілді де қамтиды. Сонымен бірге жаратылыстану заңдар туралы ғылым болса, тарих – оқиғалар туралы ғылым. Ал философияны В. құндылықтар туралы ғылым ретінде қарастырады. Ол теориялық ұйғарымдар мен эмпириялық мәліметтерге сүйенетін тәжірибелік ғылымдармен салыстырғанда бағалауға негізделеді. Ол логикалық, этикалық, эстетикалық және діни құндылықтарды жіктейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет