Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007



бет156/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


ВЕБЕР Макс (1864–1920) – атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер – деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндігін беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. В. оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мыс., антика, феодализм, капи- тализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда, идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан В-дің екі еңбегін: «Протестанттық этика және


150

капитализм рухы» (1904–1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы – әр ел- дердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. В. дінді, бір жағынан мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойы- на жинақтайтын әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырса; екінші жағынан, дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өрке- ниеттерді биологияландырылған қарау ұстанымдарына қарсы шығып, В. жаңа ғылымды – ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, В. адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. В. 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»). В. бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет