Түсінік хат «Көркем оқу» үйірмесінің бағдарламасы бір жылға құрастырылған.
Бағдарлама 10-11 жас аралығындағы балалалардың жас ерекшелігіне, оның қабылдау түйсігіне сай құрастырылған. Үйірмеде оқушылар көркем оқу өнерін үйренеді. Үйірме баланың рухани дамуына, рухани білімінің баюына, оның жеке тұлға ретінде дамуына және қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Үйірме жұмысының жоспары 68 сағатқа сай құрастырылған, аптасына 2 сағат. Үйірмеге 12 оқушы қатысады.
«Көркем оқу» бағдарламасы алты бөлімнен тұрады: Кіріспе. Тіл техникасы және оның мәні. Ойлау тілі. Орындау шеберлігі. Іс - әрекет -актерлік өнердің негізгі материалы. Этика және әдеп.
Үйірмеде тіл заңдылықтарына сай дұрыс сауатты сөйлеуге, сөйлеу техникасы - дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамытуға, бір - бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету көзделген. Пікір айту, баяндау, сипаттау, дәлелдеу, байланыстырып сөйлеу мүмкіндіктерін арттыру жұмыстары жүргізіледі.Сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру; әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру; мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері жайлы теориялық білім беру және оны меңгеру жолдарына бағыттау; қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақалдап оқу дәстүрімен таныстыру қаралған.
Әдеби мәтінмен жұмыс істеу барысында мынадай міндеттер атқарылады:
1) автордың шығармасында айтайын деген ойын оқушының жеткілікті деңгейде ұғынуына көмектесу, ол үшін қандай тәсілді қолданғанын, оқу барысында неге ерекше көңіл бөлу керегін;
2) шығармамен жұмыс барысында шығармадағы оқиғаға оқушының сенімді және белсенді қарым-қатынасын ояту, құбылысқа, табиғат көріністеріне, шығарма кейіпкерлеріне;
3) оқушыға шығарманы оқу барысында оқу міндеттерін анықтауына көмектесу, яғни өзінің оқуы арқылы тыңдарманының қандай да бір ой, сезімінің, бағасының тууына әсер ету;
Тіл қатынас құралы болғандықтан, оның өзара түсіну үшін жұмсалатынын (коммуникативтік қызметін) ескерумен бірге сөйлегенде ымдық қимылдар да (мимика) бірге қолданылатынын ескеру.
Үйірмеде уақыттың көбі әдеби шығармалардан үзінді оқуға, оқушының қалай оқығаны, қалай оқу керегі жайында өз пікірлерімен ой бөлісуге кетеді. Яғни тәжірбиелік жұмысқа көп уақыт бөлінеді.Бұл оқушыларды ұжымда жұмыс істей білуге және тыңдай білуге үйретеді.