Сабақ Сабақтың тақырыбы: Елбасы Павлодарда Достық үйін ашты Сабақтың мақсаттары



Дата22.08.2017
өлшемі29,24 Kb.
#24735
түріСабақ
5 а - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Елбасы Павлодарда Достық үйін ашты

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру, тақырыптың толық мазмұнын өз бетімен меңгеру, сөйлеу қызметін-монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырып бойынша меңгеру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау. Әр түрлі тапсырмалар арқылы ойлау аясын кеңейту және сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өздеріне жауапты қарау, топтастардың пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Павлодар қаласының мәдениет саласын кенінен таныстыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Конференция, түртіп алу әдісі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлесдесу

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау



2008 жылы 30 қыркүйек күні Елбасы салтанатты ашылуына қатысты. Сарай алдындағы алаңда Елбасыны жүздеген түрлі-түсті ұлттық киімдер киген павлодарлықтар жарқын жүзбен қарсы алды.

Салтанатты безендірілген төрт қабатты үй Оқушылар сарайының және саз мектебінің сәулет кешенімен әсем үйлесім тапқан. Осы жерге ұлттық өрлеу мектебі, 20 ұлттық-мәдениет орталығы, Қазақстан халқының Кіші ассамблеясы, тілдерді үйрену орталығы, мұражай және кітапхана орналасқан.

Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Бұл ғажайып үй - Достық үйі, ал «достық» деген сөз біздер үшін айрықша қастерлі ұғым. Біздер көпұлтты елде өмір сүріп отырмыз, тек Павлодар облысының өзінде ғана жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде мен бауырластық, өзара түсіністік, халықтар арасындағы достық саясатын жүргізіп келдім. Еліміздегі тұрақтылық пен татулық экономиканы дамытуға, адамдардың өмірлерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Еліміз мектептерінде сабақтар жүзден астам тілдерде оқытылады, біздерде 4,5 мың ұлттық-мәдениет орталығы жұмыс істейді. Достық үйінің сіздерде бой көтергені бәрімізді қуантады. Мұнда әр ұлт өкілдері өз мәдениеттерін дамытады, шығармашылықпен айналысады, қазақ, ағылшын тілдерін және еліміздегі басқа да тілдерді үйренумен айналысады. Мен осы саясатты ылғи да ұстанатын боламын, бұл істе маған Қазақстан халқы Ассамблеясы, кіші ассамблеялар жәрдемдесуде. Бұлардың бәрі де достықты, бауырластықты нығайта түседі және болашақ қазақстандық ұрпаққа тапсырады».

Елбасы ұлттық-мәдениет орталығының залдары мен әзірлік жүргізілетін бөлмелерін аралап көрді, ұлттық орталықтардың басшыларымен кездесті.

Сөздік

Жарқын жүзі – радостные лицо



Ұлттық өрлеу мектебі – школа национального возрождения

Айрықша – особенный

Тұрақтылық – стабильность

Жәрдемдесу – оказать помощь

Тапсырмалар

1. Мәтін бойынша пікірлесу.

2. Берілген сөздерге синоним жаз: Елбасы, адам, халық, тәуелсіздік.

3. Синтаксистік талдау жаса: Елбасы ұлттық-мәдениет орталығының залдары мен әзірлік жүргізілетін бөлмелерін аралап көрді, ұлттық орталықтардың басшыларымен кездесті.

4. Достық туралы мақал- мәтел жаз.

5. Шығарма жаз: «Достық-қастерлі ұғым.»



«Менің досым»

«Достық үйі»
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет