«Көркем оқу» үйірмесінің бағдарламасы. Бағдарламаны құрастырушы: Екібастұз қаласы, кмм «№35 мектеп гимназиясының»


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



бет2/3
Дата24.09.2024
өлшемі30,6 Kb.
#204981
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
kөrkem-oқu-үjirmesi-imanbekova-m.t.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.


Мақсаты: Оқушыларға көркем сөз оқу өнерінен жан - жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы - дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету.


Міндеттері:



  • әдебиетке деген қызығушылығын ояту;

  • көркем оқудың негіздерін үйрету;

  • көркем шығарманы талдай білуге үйрету;

  • шығармашылық қабілетін дамыту;

  • оқуға деген ынтасын қолдау;

  • есте сақтауға ғана емес, ойлана білуге үйрету;

  • оқу мәдениетіне тәрбиелеу;

  • көркем шығарманы эстетикалық тұрғыда қабылдауын дамыту.

  • баланың жеке шығармашыл дамуына қажетті жағдай тудыру;

  • жалпы мәдениетті қалыптастыру;

  • беріктілік, еңбекшілдік, өзара көмек жасай білу, жолдасына деген достық қарым-қатынасын, айналасына көңіл бөле білуге тәрбиелеу.

  • сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру;

  • әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру; мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері жайлы теориялық білім беру және оны меңгеру жолдарына бағыттау;

  • қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақалдап оқу дәстүрімен таныстыру. 



Бағдарламаның өзектілігі:

«Көркем оқу» бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқушылар көркем оқу туралы толық кешенді білім мен нақты білікке ие болады. Оқушыларды көркем әдебиет оқуға ынталандырады. Көркем әдебиетті оқу арқылы рухани білім алады.




Бағдарламадан күтілетін нәтиже:

Оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттері дамиды.


Біледі.


  • Көркем оқу деген не?

  • Көркем оқу немен ерекшеленеді?

  • Көркем оқу не үшін керек?

Біледі:


  • Өз ой – қиялын керекті жеріне жұмсай біледі.

  • Бейнелі ойлай білуді.

  • Өз назарын бір жерге жинақтай білуге.

  • Сахна кеңістігінде өзін сезіне біледі.

  • Негізгі ойды анықтай біледі.

Дағдыларды қалыптастырады:




  • Серіктестерімен дұрыс қарым – қатынас жасай білу;

  • Актерлік шеберліктің әдіс – тәсілін;

  • Көркем оқу техникасының әдіс – тәсілін;

  • Қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білу;

  • Ұжымдық шығармашылық;

  • Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бағдарламаданың тәрбиелік мәні:
- қазақ тілінен деген қызығушылықтары артады;

  • көркем оқу туралы мағлұматтары кеңейеді;

  • өзіне деген сенімі артады;

  • жауапкершілік парызын түсінеді;

  • ұжымда жұмыс істей білуге үйренеді;

  • ой-өрісі кеңейеді;

  • басқаның ойымен келісе білуге үйренеді;

  • әдепті сөйлей білуге үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет