Әдебиет: «Таң» журналы, 1925, №1–4, С. Негимов., М. Жармұхамедұлы. XVIII–XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары. – А., 1962.
БІРЛІК – қандайда бір әлеуметтік бүтіннің құраушы элементтері ара- сындағы өзара қарым-қатынасты, өзара ықпалды байланысты талдауға негізделе отырып, қоғамдық өмірдің дамуының бүгіні мен ертеңін анықтау- ды көздейтін әлеуметтік философиялық категория. Б. – қоғамның ішкі тұтастығы мен тұрақтылығын, оны құраушылардың өзара үйлесімділігі мен жарасымдылығын, қауымдық ынтымақтастық пен татулықты, әлеуметтік бүтіннің мықтылығы мен қуаттылығын анықтайтын және оларға негіз бо- латын тұғырнамалық мазмұн. Түркілік Б. философиясына зейін аударсақ, Орхон-Енисей жазбаларында Тоныкөктің (646–731 жж.) түркі қағанатының ішкі тұтастығын ел Б.-не тиянақтағанын байқауға болады. Оған жазбадағы:
«…Менің ақылгөй Тоныкөктің ой-пікірін тыңдады да айтты… Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым» – деген жолдар кепіл. Күлтегін (684–731 жж.) де түрік қағанатындағы «інілі-ағалының дауласқанын, бекті халықтың жауласқанын» көріп күйзеліп, өзіне: «Біз не үшін күрестік? Мемлекетіміздің құрып бара жатқанын көру үшін бе?» – деп сұрақ қойып, түркі халқының бірлігін сақтап, тату-тәтті болып Б-те өмір сүруге шақырады.