Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2



бет179/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2.
655 б.


ГЕОСАЯСАТ – мемлекеттердің не мемлекеттер блоктарының терри- ториалдық кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлық- тық және әлемдік халықаралық процестердегі орны мен нақты-тарихи ық- палын түсіндіретін теория. Географиялық ортаның қоғам өміріне тигізетін әсерін зерттеуге байланысты шыққан. XVIII ғасырда оны Ш.Л. Монтескье, А.Р.Ж. Тюрго және т. б. дамытты. Олар халықтардың материалдық және рухани өмірі, географиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелді деп пайым- дады. Француз философы Монтеске «Заңдар рухы туралы» деген еңбегінде
«Ауа райының өктемдігі басқа өктемдіктердің барлығынан да күштірек»


169

дейді. Оның пікірінше қоғам дамуы үшін ең қолайлы жақ – солтүстік бөлік. Ал жер шарының оңтүстік жағында күннің ыстықтығы, ауа- райының мамыражай болып тұратындығы адамның денесін балбыратып, күшін кетіреді, халықты жігерсіздікке, жалқаулыққа бейімдейді дейді. XIX ғасырда бұл теорияны Г.Т. Бокль, Ф. Ратцель, В. Кузен, Ж.Э. Ренан, К. Риттер одан әрі дамытты. Ағылшын ғалымы Г.Т. Бокль «Англиядағы өркениеттің тарихы» деген еңбегінде адам баласының өмірі мен тағдырын басты-басты төрт физ. жәйт, атап айтқанда: ауа райы, тамақ, топырақ және ландшафт, яғни жердің жалпы бедер-бейнесі билейді дейді. XX ғасырда гитлерлік Германияда геогр. саясатты өз мүдделеріне пайдаланбақ болды. К. Хаускофер және басқалар фашистердің басқыншылық соғыстарының


«заңдылығын» дәлелдеп, мұндай соғыстарды «тіршілік кеңістігі жолын- дағы күрес» деп атады. Осыған байланысты Кеңес Одағы кезіндегі гео- саясаттың теріс жақтарымен қатар ғыл. негізді тұжырымдамалары да жоққа шығарылды. Географиялық саясат мәселелері тиянақты зерттеу ісіне Р. Челлен (Швеция), А. Мэхэн (АҚШ), Х. Маккиндер (Ұлыбритания) және т. б. мол үлес қосты. Олар мемлекеттердің орналасу ерекшеліктеріне, жол қатынасына, теңізге шығу мүмкіндіктеріне, көрші елдермен қарым- қатынас жасауға табиғи кедергілердің (таулар, шөлдер, батпақты жерлер, қиын асулар, т. б.) болу-болмауына, олардың ауқымы мен халықтың ұлттық құрылымына, жер бедеріне, топырақ құнарлылығына, қазба байлықтарына, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т. б. айрықша назар аударды.
ҚР-ның сыртқы саясатында да географиялық фактор маңызды рол атқарады. Қазақстанның географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайларын ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев Еуразия идеясын ұсынды. Ел астанасының бұрынғы Ақмолаға көшірілуі де географиялық жағдайдың елдің ішкі және сыртқы саясаты мен экон. дамудағы рөлін ескеруден туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет