Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2



бет180/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2.
667 б.


ГЕРАКЛИД Понтийский – (Понт Эвксинсийдің оң түст. жағалауын- дағы Гераклея қаласынан), еж. грек. философы, Платон академиясының мүшесі, Сотион мәлім. сай Аристотельдің дәрістеріне де қатысқан, кейбір мәтіндерде перипатетиктер мектебіне жатқызылады. Спевсипп қайтыс болғанан кейін (б.э.д. 339 ж.) схоларк қызметіне үміткер, Ксенократтан бірнеше дауысқа ұтылған соң, Гераклеяға қайтып оралып өз мектебінің негізін қалауы мүмкін. Диоген Лаэртий (Ү 86–88) Г. шығармаларының катологын сақтаған (47 атау, негізінен диалогтар). Г. парадоксальдылыққа бейім жарқын жазушы ретінде танымал болған, оның диалогтарының кейіпкерлері, әдетте, тарихи тұлғалар (солардың қатарында Фалес, Пифагор


170



  • «философия» терминін ойлап тауып, өзін алғашқы болып «философ» деп атаған Пифагор туралы аңыз Г. диалогтарынан бастау алады). Сал. Цицеронның Г. еліктеп жазған «Мемлекет туралы» диалогы. Г. шығ. жоға- лып кеткен, оның көзқарастарын қалпына келтіру доксографтардың үзінді- лері мен мәліметтеріне негізделеді. Физикада («Табиғат туралы») Демокрит- тің өзгермейтін және мәңгілік атомдарына қарсы Г. сапалы өзгешеліктер тән және құдайы әлемдік ақылмен басқарылатын «жапсарласпаған моле- кулалар» туралы түсінікті дамытты. Г. концепциясы Лампсактан шыққан Стратонға және б.з.д. І ғ. Вифиниядан шыққан дәрігер-натурфилософ Асклепиадқа үлкен әсер етті. Г. диалогтарында Жердің өз осімен айналуы, Венера мен Меркурийдің Күнді, Күннің Жерді айналып қозғалуы (сал. Тихо Брагенің гелиогеоорталықтық жүйесімен), гелиоорталықтық гипотеза және тіпті, басқа планеталық жүйелердің бар екендігі туралы болжамдары сияқты астрономиялық теориялар талқыланды. Жанның астральдық кон- цепциясы («жан Құс жолынан шығатын – жарық») «Аидтегі нәрсе туралы» диалогындағы жанның субстанционалдығын теріске шығаруымен ұштасып жатты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет