Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА – адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмір- дің қажетті әрі тұрақты шарты; географиялық қабықтың бір бөлігі. Г. о. түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін құбылыстары мен процесте- рін де қамтиды. Қоғам дамыған сайын оның материялдық қажеттерін қамтамасыз ететін табиғат ортасы да кеңейе береді. Г-лық қабықтың гео- графиялық ортаға енбейтін бөліктері де ондағы табиғат жағдайлардың қалыптасуына әсер етеді. Мыс. Гималайдың биік шыңдары географиялық ортаға еңбегенімен көршілес аймақтардың климатын қалыптастыруға қа- тысуы арқылы олардың географиялық ортасына да күшті ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, географиялық қабық тұтасымен Г. о. болып табылады. Г. о. қоғам дамуындағы рөлі жөніндегі мәселе ойшылдар назарын ежелден- ақ аударып келеді. қазіргі кезде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастар біртұтас жүйе аумағындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Г. о. – қоғам дамуының материалдық қайнар көзі. Адамзат қоғамы табиғатты сыртқы фактор бола тұра, осы өзгерістер жүретін Г-лық о-ның айрықша құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сондықтан Г-лық о-ның қоғамдық элементтері мен табиғи элементтерінің қайшылықтары қоғам- дық өндірісті дамытушы фактор ретінде айқындалады. Адамзат тіршілігін табиғат пен қоғамның ұдайы өзара әрекеттесуі ретінде бағалауға болады.