Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Гете И. Избр. филос. произв. – М., 1964; Философия. Энцикло- педический словарь. – М., 2004



бет186/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Гете И. Избр. филос. произв. – М., 1964; Философия. Энцикло- педический словарь. – М., 2004.


ГИПЕРМӘТІН (грек. hyper – жоғары, ар жағында) – мәтіндер иерархиясында, жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы құрылым. Г-нің қарапайым мысалына сөздіктер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақала осы сөздіктегі басқа мақа- лаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді әр түрлі оқуға болады: Г-дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне сілте- мелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін немесе бір сілтемеден келесісіне ауысып, Г-дік саяхат жасау кездеседі. В. Рудневтің
«Қазіргі мәдениет сөздігі осы үшінші тәсілмен құрастырылған. Айталық Г. мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, сананың өзге- рілген түрлері сияқты мақалаларымен міндетті түрде танысу қажет. Г. әдет- те, тізбектік сипатта болады және ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұқсас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.
Мыс., «Көк шалғынды кесуші» фильмінде кейіпкер компьютерлік вир- туалды шындықтармен танысқан соң, парасаты мен денесі күшейіп, әлем- дік билікке ұмтыла бастады, бірақ компьютерлік Г-ге түскеннен кейін одан шыға аламай қалды, өйткені, ол өз паңдығының қақпанына түсті. Мыс., Адам белгілі бір Г-ді қабылдайды: нақтылы бір тіл ойындарды, қарым- қатынас шеңберін, ойлау тәсілдерін, әдетті кітаптарды т. б. Енді ол осы өзін жалықтырған дүниеден кетейін десе, оны қалыптасқан Г. ережелері ұстап тұрады. Олардан шығу үшін үлкен ырық қажет. Бірақ, ол адамды ырықсыз билей алады. Г. адаммен ойын ойнағандай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет