Мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?



Дата12.11.2019
өлшемі58 Kb.
#51649
Байланысты:
18306 l6p
18306 l6p, 18306 l6p, 18306 l6p, 18306 l6p, №1 дәріс (8)жуйели сойлеуди дамыту
Мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Мектепте өзгеріс енгізудің бірінші сатысы – мектептің жағдайына сәйкес келетін өзгерістерді әзірлеп, енгізу мақсатында мектептің ахуалын шынайы бағалау . (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. 5 бет). Білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педогогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін тиімді пайдалануды меңгерту,өзара тәжірибе алмасу, тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге ықпал жасау деп ойлаймын. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі зерттеу жұмыстарыма аудит жасай келе мектептің даму жоспарының басымдықтарын - «Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдірудегі бірлескен топтық жұмыс» деп алдым. Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіруде топтағы бірлескен жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Нәтижесінде:

1.Мұғалімдер топта жұмыс істеу не үшін қажеттілігін біледі

2.Бірлескен оқудың мәнін түсінеді

3.Топтық жұмыс жүргізу әдістерін тәжірибеде қолданады.

4.Мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым қатынас құруға икемделеді.

Осы мақсатты алуыма мынадай негіздер бар:

Директордан, әкімшілік мүшелерінен отырып сұхбаттасқанда әкімшілік құрам ата-ана, оқушы, мұғалімдермен сауалнама, сұхбат алып, бірлесе отырып мәселелерді шешпейді,кедергілер айтылып, мәселелі тақырып ретінде қайта жоспарланбайтындығы. Күнделікті өз жұмысымызды рефлексия жасап, оқушылардан кері байланыс алып, сынға ұшыраудан қорқатынымыз.

Мұғалімдер кәсіби біліктілігін арттырады, бірақ ол туралы ешкім білмейді, себебі олар өзінің кәсіби қуатын өз сыныбында, өз оқушыларына ғана қолданатындығы.

Мұғалімдер тәжірибесін ешкімге көрсетпейді, жақсы тәжірибе таратылмайды. Оның басты себебі, семинарлар мен тренингтердің жүргізілу деңгейінің сапасыздығы мен тек қағаз жүзінде ғана қалып қойғандығы.

Мұғалімдердің тәжірибесімен танысу аз, дұрыс жолға қойылмаған. Мұның себебі әкімшілік тарапынан сауатты түрде жүргізілетін семинарлар мен тренингтердің аз ұйымдастырылуынан деп ой түйіндеуім.

Қалай оқитындығы туралы ойларын айтуғаоқушыларға әр кезде мүмкіндік беріле бермейді. Біздің мектептің мұғалімдері оқушылардың оқу үдерісі туралы ойлауын жандандырудың түрлі тәсілдерін барлығы бірдей қолдана бермейді. Мұғалімнің бағалауы оқушы білімін жетілдіріп дамуына әсерін тигізбейтіндігі.

Майкл Фулланның «Білім жүйесінде шешім қабылдау үшін тек болашақты ойлау жеткіліксіз, ол үшін тұжырымдамаларды нақты жағдайға сай әзірлеп , қолданыстағы жүйені тиімді тәсілдермен өзгерту қажет » деген пікіріне сүйене отырып, мектептегі « өзгеріс » алдында жинақталған тәжірибелерді осы бағдарлама негізінде қайта тұжырымдап іске асыру міндеті тұрғаны анық. Міндетті талаппен ұштастырсақ онда мен межелеген мақсатыма жете аламын. Мұғалімнің көшбасшылығы – оқушылардың табысқа жетуіне ықпал ететін, мектеп деңгейінде шешім қабылдауды жақсартатын және мұғалім мамандығын дамытатын әлеуетті стратегия болып табылады деп ойлаймын.Мен мұғалімдерді көшбасшылығын дамытумен қатар, оқушының да көшбасшылық қасиетін дамыту өте маңызды, сондай-ақ өз идеясы мен өз ойын еркін жеткізуге көмектесемін. Келешекте, оқу үрдісі мектеп мәдениетін құру мен шешім қабылдау орталығы болып саналғандықтан, мұғалімдерге даму жоспарын жасауға, жалпы мектеп жұмысына толықтай қатыса отырып, көшбасшы бола алатындығын айтамын. Нәтижесінде оқыту мен үйрету білім беру үрдісінің негізі болғандықтан, мектепке көшбасшылық идеясын әр мұғалімнің мүмкіндігі ретінде енгізуге көмектесемін. Жоспарымды SMART мақсатымен талдап көрсетер болсам :

Алғашқы іс шара жоспарым топ құру,әрқайсысына өз ролдерін бөлу.

Топ құрудағы мақсатым: оқыту мен оқудағы өзгерістің қажеттілігі туралы ой бөлісу.Нәтижесінде мұғалімдер өзгерудің қажеттілігін біледі, мектептің білім беру жүйесіне неге өзгеріс енгізу қажеттігін түсініп,өз тәжірибесіне қолданады. Тәжірибе алмасуды семинар ретінде өткіземін. Маған қолдау көрсететін мұғалімдер 2-3 деңгей мұғалімдері.Іс шараны бірінші аптаға жоспарлаймын. Мен бұл жерде апталық 10_L1W4D1_Бағдарламалық жоспар әзірлеу жөніндегі қысқаша ақпарат ресурс материалдарын пайдаланамын. Семинарды бағалау мақсатында сұхбат алып,кері байланыс ұсынамын.

Жоспарымның келесі жоспарында «Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында коучинг өткіземін. Коучингтің мақсаты: Мектептің білім беру үрдісіндегі өзара әрекеттестік жұмыстың сапасын анықтайды.Нәтижесінде, оқыту үрдісіндегі олқылықтарды біледі, біз қай жердеміз деген сұраққа жауап алуға ықпал ету. Коучинг барысында, бірлескен оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара іс-әрекеттің құрылымы болып табылатындығын айтып өту. МАН.39 бет. Коучингке таныстырылым презентация жасап, мектептің обьективті жағдайын анықтау мақсатында сауалнама парақшаларын үлестіремін. Маған көмек қолын ұсынатын адамдар коуч пен деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер, бірлестік жетекшілері. Бұл жұмысты мен екінші аптаға жоспарлап отырмын. Сапалық зерттеу жүргізуге қолдану мақсатында бейнежазбаға түсіріп,суреттерге түсіріп аламын.

Коучинг соңында коучингтің мақсатын қалай түсінгендерін білу мақсатында кері байланыс ұсынамын.

Келесі коучингімнің тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау дағдылары» деп алып отырмын. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болатын қазіргі педагогикалық түсінік, сондықтан бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуын көздейді деген тұжырыммен алып отырмын. Мақсаты: Ынтымақтастық және бірлескен оқу туралы мағлұмат алуға ықпал ету. Нәтижесінде, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын біледі,топтық бірлескен жұмыс кезінде сын тұрғысынан ойлау стратагияларын қалай байланыстыруды түсінеді. Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек. (8_L1W1D1 Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек). Коучингте сонымен қатар мұғалімдер жұптық және топтық жұмыстарды қолдануды біледі. Коучинті екінші аптаға жоспарлап отырмын. Маған қолдау көрсететін 2 деңгей мұғалімі мен тәлім алушы. Мен қолданатын ресуртар 1-деңгей Мұғалімге арналған нұсқаулық, 13_L1W2D3_«Сын тұрғысынан ойлау» таныстырылымы.

Тәлім алушымен сенімді қарым-қатынас орнату, сабаққа ену, проблема төңірегінде ой бөлісу, шешімін іздеу,дамыту«Оқыту мен оқу үдерісіне сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы енгізілген өзгерістер оқушылардың оқу үлгеріміне қаншалықты әсер етті?»,- деген сұрақты қамти отырып, тәлімгерлік үдерісті жүргіземін. Тәлімгерлік жасаудағы мақсатым:

-Тәлім алушының проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау;

-Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып тәлім алушымның білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруді көмектесу;

-Тәлім алушымның алдына мақсат қоя отырып оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу. Күтілетін нәтиже:

1.Нақты нені зерттеу керектігін білу

2.Алынған нәтижелерді зерттеуге қолдану

3.Кері байланыстың маңыздылығын айқындау

4.Нәтижені бағалау

Мен, сонымен қатар тәлім алушыға әңгімелесу арқылы ,пікір алмасып,ұсыныс бере отырып, өзімнің жұмысымды жолға қоямын деп ойлаймын. Маған қолдау көрсетіп, көмектесетін адамдар коуч пен тәлім алушы. Мен бұл жұмысты төртінші аптаға жоспарлаймын. Тәлімгер мен тәлім алушы сұхбаттарын бейнежазбаға түсіремін, тәлім алушының сабақтарына қатысамын.

Келесі қадамым «Мұғалімдердің кәсіби дамуын жүзеге асыру жолдары»,- тақырыбында дөңгелек стол өткізу. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?, - деген сұрақтарды қоя отырып, себебі, әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет,- деп ой қорыту. (8_L1W1D1 Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек) Мақсаты: Деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен мектепке енгізілетін өзгерістерді іске асыру жолдарын талқылау, бірлескен жұмысқа тарту. Күтілетін нәтиже: .

1. Проблемалық сұрақтар қоя біледі

2.Бірлекен жұмыстың тиімділігін түсінеді

3.Тәжірибеде қолданады

Қолданылатын ресурс 5_L2W1D1_«Ауысып отыратын топтар» бейнежазбасы. Мен бұл жұмысты бесінші аптаға жоспарлап отырмын. Үшінші коучингімнің тақырыбы – «Орта мерзімді жоспарлаудың тиімділігі ». Негізгі мақсаты: Мұғалім орта мерзімді жоспарлауды үйренеді, жоспарлау құрылымымен танысады.Орта мерзімді жоспарды SMART негізінде жасауды үйренеді. Бұл жерде мен орта мерзімді жоспарлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтып, жоспарлауға қойылатын талаптарды және сонымен қатар деңгейлі бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдерінің өздерінің балаларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыратынын білу екендігін айтып өтемін. Коучингіден күтілетін нәтиже:

1.Орта мерзімді жоспарлауды үйренеді

2.Жоспарлау құрылымымен танысады.

Сабақтарға қатысу мақсатында мен мұғалімдердің дәстүрлі өтіп жатқан сабақтарына өзгеріс енгізіп, жеті модульді ықпалдастыра өткізілген сабақтарды өткізуге мұғалімдерге ықпал жасасам деп ойлап отырмын. (10_L1W1D5_Сабақ бойынша кері байланыс парағы - жазбаша жауап.)

Күтілетін нәтижелерді деректерді,сауалнамаларды зерттей отырып мониторинг арқылы бағалап, эвалуация жасап отырамын.

Енді, келесі кезекте мен өзімнің жұмыс жоспарымды неге бұлай жоспарладым, бұл тақырыпты неге алдым деген сұрақтарға жауап бергім келіп отыр.

Менің мектебімнің мұғалімдері әдістер мен педагогикалық стратегияларды жеткілікті меңгерген, өйткені ,олар үш жылда бір рет курстардан өтіп тұрады. Бірақ, ол үйренген тәжірибелерін біріктіріп қолдану қабілеті, тиімді және орынды пайдалану жөнінде біраз қарын аштыратын жайттар баршылық. Мен осы жерде ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауын кіргізгім келіп отыр.Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады. Мен оны ата-аналардан, оқушылардан,мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижелерінен, мұғалімдермен өткізілген коучинг нәтижелерінен білдім.

Мұғалімдер бірлескен оқуға, оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін, өздігінен оқуға және өз бетінше жасаған жеке жұмыстарына ықпал етуші емес, тек сабақ беруші ретінде ғана қалыптасып алғанымызды мен тәжірибе кезеңінде көп көз жеткізгендей болдым.

Мұғалімдер жекелеген оқушыларды ынталандырып, олардың эмоциялық ахуалын және сыныптан тыс өміріне көп мән бермейміз. Яғни, мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс. 8_L1W1D1 Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек.

Біз өз мұғалімдерімізден басқа мектеп мұғалімдерімен қоғамдастық құра отырып, тәжірибе алмасудан қорқамыз. Себебі, бізде ол мені сынайды, мені қалай түсінеді деген қорқыныш басым екен.

Сонымен, ой қорытындылай келе, менің түйгенім, өз жоспарларын қорықпай әріптестерімен бөлісіп отыру қажеттілігі, білім берудің тиімді технологияларын оңтайлы қолдана білудің жетіспейтіндігін, өз тәжірибеміздің негізінде білім алу үшін өз іс-тәжірибемізді сыни бағалау мен рефлексияның қажеттілігін түсіндім. Себебі, мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті.

Сонымен, мен өз мектебімнің көшбасшы-мұғалім ретінде:

Бастамалар жасай отырып коуч-тәлімгер ролін атқару;

Көшбасшылық бойынша кәсіби қауымдастық құру;

Мектепке қажетті білім сапасы мен оқушы қабілеттерін дамыту;

Әрбір бірлестікте өз жаңалықтарымен бөлісіп отыру;

Мектептегі шығармашылық топтың жұмысын бағдарлама негізінде ұйымдастыру.

Осы өзгерістерді енгізу барысында коучинг,тәлімгерлікті жүргізе және басқара отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру және олардың нәтижелігін бағалауды жүзеге асыруым қажет деймін. Ол үшін топпен бірлескен жұмысыма көшбасшылық жасай отырып белсенді рөл атқаруға тиіспін деп ойлаймын. Көшбасшылық жұмысымдағы сәтті тұстарым-үйренгісі келген жаңалыққа жақын әріптестерімнің көп болуы. Келешекте алған білімді толықтыра отырып қол жетімді жоспар жасаймын деп үміттенемін. Жоспар жасауда ұжым мүшелерін, оқушы үнін, ата-ана пікірін ескеріп жұмыс жасаймын. Қала мектептерімен тәжірибе алмасу мақсатында келесі жұмысым желілік қоғамдастық құру. Мақсаты: Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы пікір алмасу, көмек көрсету. Нәтижесінде:

1.Кәсіби қоғамдастық оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған үдеріс екенін біледі

2.Кәсіби қоғамдастықтың мәнін түсінеді

3.Қоғамдастық жұмысының бағытын айқындайды

Міне, мен өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін тәжірибе жұмысымды осылай жоспарладым. Тек оның дұрыс ұйымдастырылып, әрі қарай жақсы жүргізілуіне баса назар аудару керек деп ой ойлаймын. Ең бастысы, қай жерде де өзгеріс енгізуге болатынын түсіндіре білуіміз керек.



Еңбек ауылындағы № 22 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Садбаева А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет