Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді -қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі мен өзара байланысы.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-6 ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4 – кастаға бөлінді.
Абыздар (брахмандар)
Әскери-ақсүйектер (кшатрийлер)
Басы бос қоғам мүшелері (вайшилер)
Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады. Ведалар – білім, қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған кітаптар.
Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады. Ведалар – білім, қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған кітаптар.