Шығыс философиясы


ХХ ғасырдағы Қытай философиясы



бет9/10
Дата10.10.2022
өлшемі2,11 Mb.
#152473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ХХ ғасырдағы Қытай философиясы

  • ХХ ғасырдағы қытай философы Ху ШИ (1891-1962 жж.) көптеген ірі еңбектердің авторы. 1926 жылы Шанхайда онынң төрт томдық еңбегі жарық көрген. Қытай философиясының болашағын ол конфуциялық идеалдардың моралистік және рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Оның пікірінше, бұл жолда біздің жыл санауымыздағы үшінші, төртінші және бесінші неоконофуциялық мектептерінің қайта өрлеуі үлкен рөл атқарды.
  • Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезеінң философия әдісін анықтау үшін зерттейді. Ху Ши әуел бастан-ақ қытай философиясында логика дамып, ал мораль теориясы, саясат, білім мәселелері логика теориясы мен әдісін айқындау жолында көмекші рқл атқарғанын пайымдайды. Осы жолда қытай екі кезеңнен – ақындардан софистер ғасырына және софистерден логика ғасырына өтті және бірінші софистер ретінде Лао-Цзыны атап көрсетеді.
  • “Өзгерістер кітабындағы” ең маңызды логикалық доктрина ретңнде Ху Ши Сян идеясын сипаттайды. Идеалды форма конфуций логикасының негізгі бөлігі. Бұл идея Аристотельдің формалды себептеріне немесе Ф. Бэконның форма туралы ұғымына жақын келеді. Екінші – пайымдау теориясы – цы. Конфуций бұл теорияны рационалдандыру дейді Ху Ши

Ху Ши

Үнді философиясы

  • Үнді елінде философия қандай да бір ғылымға немесе өнерге қосымша ретінде болмаған, бірақ әрдайым көрнекті, тәуелсіз жағдайда болған. Батысағы философия Платон мен Аристотель кезінде саясат пен этикаға сүйенді, ал ортағасырларда теологияға, Бэкон мен Ньютон дәуірінде жаратылыстануға, ХІХ ғасырдың ойшылдары тарихқа, саясатқа және социологияға арқа сүйендіал үнді елінде философия нық тұрды және басқа ғылымдар одан тірек алды. Мундака упанишада барлық ғылымдардың негізндегі ғылым немесе брахмавидья, сава-видья-пратшитхе туралы айтады. Философия – өзге ғылымдарды бағыттаушы басты ғылым.

Ауробиндо Гхош (1872-1950 жж.)

  • А. Гхоштың философиялық жүйесі құрылым жағынан күрделі, өйткені оның философиялық жүйесі “синтез” ұғымының төңірегінде құралған, яғни ол “синтез” ұғымынбарлық салада қолданды. Батыс пен Шығыстың мәдениетін салыстырғанда, материя мен рухты салыстырғанда қарастырды.яғни ол өз жүйесін “интегралды йога” деп анықтайды. “Интегрализм” оның дүниетанымдық мәселелерінің басқарушы принципі болып табылады. Бірақ Ауробиндоның философиялық жүйесінде интегрализнің негізгі объектісі болып үндінің діни-философиялық дәстүрлері, оның шінде веданталар мен йогаға ерекше көңіл бөледі.
  • Бұл мәселелерге көңіл бөлген себебі, веданта мен йога “интегрализмнің” негізгі бастамасы болып табылады. Соның ішінде йога мәселес үлкен орын алады, соған байланысты Ауробиндо арнайы трактат жазды. Ол “Йога синтезі” деп аталады. Бұл “синтез” ең алдымен “йога” ұғымынның этимологиясына негізделген. Сондықтан Ауробиндонынң бүкіл философиялық-діни жүйесі “интегралды йога( деп аталады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – адам өмірінің барлық саласында құдіреттілік, қасиеттілік орын алып, тұрақтануы, яғни адам табиғатын, іс-әрекетін, ақыл парасатын рухани дамытып, тазарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет