карта Бұғанаасты аймақтың топографиялық анатомиясы. Бұғанаасты аймақтың қабаттылық құрылымы. Бұғанаасты аймақтың шел-май кеңістігі. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет1/29
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145473
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
топочка полный


1-Карта
1) Бұғанаасты аймақтың топографиялық анатомиясы. Бұғанаасты аймақтың қабаттылық құрылымы. Бұғанаасты аймақтың шел-май кеңістігі. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Бұғана асты аймағы: жоғарыдан – бұғананың төменгі жиегімен, төменнен - ерлерде ІІІ –ші қабырға арқылы өтетін сызықпен, ал әйелдерде –сүт безінің жиегімен шектеледі. Бұл аймақ ойыс түрінде болады /fossa intraclavculari/.
Қабаттары:
1. Тері.
2. Тері асты клетчаткасы–терілік тамырларымен /aa. және vv. perforantes/ және nn. supraclavicularis- пен берілген. Бұғана аймағында бұл қабат жұқа болады.
3. Беткі шандырда- fascia pectoralis, m. platysma-нің талшықтары орналасқан.
4. Кеуденің меншікті шандыры жұқа болады, бұғанадан басталып, қолтық асты шандырына жалғасып кетеді.
5. Үлкен кеуделік бұлшық-ет –екі бөлімнен: бұғананың ішкі жартысынан басталатын –бұғаналық бөлімнен және төстің алдыңғы бетімен V-VI қабырғаның шеміршектерінен басталатын-төс-қабырға бөлімнен тұрады.
Үлкен кеуделік және дельта тәрізді бұлшық еттердің арасында жүлге болады /sulcus deltoideopectoralis/. Ол жоғарыға және ішке-қарай кеңейіп, ойысқа айналады – fossa Mohrenheimi. Соңғысының шекарасы жоғарыдан бұғана, сыртынан дельта тәрізді бұлшық ет, ішінен үлкен кеуде бұлшық еті болып саналады. Sulcus deltoideopectoralis-те тері асты венасы /v. cephalica-нің аймағында тереңге кетеді де, fossa Mohrenheimi –ға құйылады/.
6. Кеуденің терең шандыры /fascia pectoralis profunda немесе fascia coracoclaviocostalis жағынан-бұғананың сүйек қабығымен және құс тұмсықты өсіндімен байланысады, ішкі жағынан-қабырғаның сүйек қабығымен, төменнен-кеуденің меншікті шандырымен бірігіп кетеді, сыртынан-қолтық асты шандырымен, ол бұл бөлімде қолтық астын ұстап тұратын байлам деп аталады/. Бұл бұғана асты және Lig. Suspensorium axillae gerdy-не кіші кеуде бұлшық етке қынап түзеді.
7. Кіші кеуде бұлшық еті және бұғана асты бұлшық еті. Біріншісі ІІ-V-ші немесе ІІІ- V-ші қабырғалардың алдыңғы бетінен басталып, бұғананың құс тұмсықты өсіндісіне бекітіледі. Екіншісі І қабырғаның алдыңғы бетінен басталып, бұғананың акромиалды ұшының төменгі бетіне бекітіледі. Бұғана мен бұғана асты бұлшық еттен жоғары және кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы жиегінің төменгі арасында үш бұрышты кеңістік түзіледі /trigonum claviopectorale/, оның бұғанадан төмен бұғана асты артериясын байлаудағы маңызы зор. Бұл үш бұрыштан vasa thoracoacromalis rr. Pectorales және m. thoracales anterior /иық өрімінен/ өтеді. Fascia coracoclaviocostalis-осы аймақтағы бұлшық еттерге қынап түзеді және тығыздығымен және сіңірлі бөлігімен ерекшеленеді. Одан аталған тамырлар мен жүйкелер, сонымен қатар v. cenhalica өтеді.
8. Борпылдақ клетчатка әр түрлі дамыған, айтылған құрылымдардың арасындағы кеңістікті кеуде клеткасының бұлшық еттері толтырылып тұрады, клетчатка сыртынан қолтық асты ойысына өтіп, а. және v. axillaris пен plexus brachialis- ті орап жатады. Бұғана асты аймағын қабырға аралық артериялар /аа. Intercostales және a. mammariae interna, a. thoracalis lateralis және a. thoracoacromialis-тің тармақтары бір-бірімен анастомоз жасап қанмен қамтамасыз етеді.
2)Мойынның шел-май кеңістігінің бастың, кеуденің және аяқтың шел-май кеңістігімен байланысы.
Шандырлар гематомалардың таралуына, іріңдеудің жайылуына ықпал
жасайды. Олар бір-бірімен бірігіп, қантамырлары және лимфа түйіндерімен
толтырылған тұйық қалталар мен қуыстар құрайды. Мойын аймағында
фасциялармен шектелген бірқатар қалталар бар.
Бірінші шандырлық қалта -- жақасты безін қоршап жатады. Ол мойынның
екінші фасциясыныц үстіңгі және терең жапырақшалармен және осы
жапырақшалар бекитін төменгі жақ сүйектің ішкі бетіндегі сүйек тысымен
шектеледі. Бұл жерде жақасты безінен басқа өзекше, лимфа түйіндері, кейде
бет және иекасты артериялары мен бет венасы орналасқан.
Екінші шандырлық қалта-екінші фасция жапырақшаларынан құралып, т.
sternocleidomastoideus-ті қоршап жатады. Бұл қалта қоршаған тіндерден жақсы
оқшауланған, оның бойына желатин немесе басқа сұйық жіберсе, ол ешқайда
тарамайды. Бүл қапшық басқа кеңістіктермен тек қана ңантамырлар бойымен
байланыс жасайды.
Үшінші шандырлық қалта --- төс сүйегі тұтқасының үстінде орналасады және
төс үстілік апоневроз аралың кеңістік (spatium interaponeuroticum suprasternale)
деп аталады. Ол, екінші мойын фасциясының төс сүйек тұтқасының алдыңғы
қырына, ал үшінші фасция тұтқаның артқы қырына бекітілуі нәтижесінде
пайда болады. Бұл жапырақшалар бөлек жүреді, тек төс сүйегі және тіласты
сүйегі ортасында бірігу себебінен қуыс тәріздес, кескенде үшбүрышты, екі
жағы ашық кеңістік пайда болады. Оның ішіндегі өзекте кейде лимфа
түйіндері оң және сол беткей мойын веналар (n. colli superficialis)
аралығындағы анастомоз - arcus venosus juguli жатады. Осы қалта төс-бүғана-
емізік бүлшықетінің артындағы соқыр қапшық (saccus саeccus
retrosternocleidomastoideus) деп аталатын тұйық қуыспен байланысады.
M. sternocleidomastoideus-тьң сыртқы қырында екінші фасция үшінші
фасциямен бірігеді де, осы жерде қалта тұйықталады. Іріңнің таралуына
кедергі жасайтын тұйық фасцияның болуымен катар, мойында бір қатар
фасцияльқ қуыстар бар. Жұтқыншақ пен өңештің артында орналасқан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет