карта Бұғанаасты аймақтың топографиялық анатомиясы. Бұғанаасты аймақтың қабаттылық құрылымы. Бұғанаасты аймақтың шел-май кеңістігі. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы


-карта 1) Кіші жамбас астауының жоғарғы қабатында мүшелердің ішастармен қапталуының ерлер мен әйелдердегі ерекшелігі



бет9/29
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145473
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
топочка полный

5-карта
1) Кіші жамбас астауының жоғарғы қабатында мүшелердің ішастармен қапталуының ерлер мен әйелдердегі ерекшелігі.
Жамбастың ішастар астындағы қабаты.
Шектелуі:
Үстініен-жамбастағы ішперде, ал астынан-жамбас диафрагмасын жауып тұрған үстіңгі шандыр болады.
Әйелдерде бұл қабатта орналасатын ағзаларға тоқтала кетсем:
-несепағарлардың жамбастағы бөлімі;
-қуық пен тік ішектің ішпердеден тыс бөліктері;
-қынаптың жоғарғы бөлігі;
-жатырдың мойны жатады.
Ал ер адамдарда:
-ұрық көпіршіктері;
-қуықтың ішастардан тыс бөлігі;
-қуық асты безі;
-тік ішектің ішастардан тыс бөлігі;
-ұрық шығарушы өзектердің жамбас бөлігі;
-несепағарлардың жамбас бөлігі жатады.
Париеталды ішперде құрсақтың алдыңғы қабырғасынан жамбасқа түсіп, қуықты жабады. Қуыққа өтер жерінде ішастардан қуықтың көлденең қыртысы құралады. Оны қуық бос болған жағдайда анық көруге болады.
Әйелдерде ішастарда қуықтан жатыр мойнының алдына, сонан кейін оның денесіне өтеді де, қуық-жатыр аралық ойық түзіледі. Қуық жатыр ойығының түбі қуық-жатыр қуысынан тұрады. Ол ойықта жіңішке ішек тұзақтары орналасады.
Ішастарда жатырдың түбінен оның денесінің артқы бетіне өтеді. Әрі қарай ішастарда жатыр мойнының қынаптық бөлігін жәнеде қынаптың төбесін жабады. Ішастарда жатырдың және қынаптың артқы қабырғасынан тік ішекке өтеді де, тік ішек-жатыр ойығынан тұрады.
Әйелдерде кіші жамбастың төменгі бөлігі жатырмен екі кеңістікке бөлінген.
-Алдыңғы дуглас кеңістігі және артқы дуглас кеңістігі.
Бұл екі кеңістік тек жатырмен ғана емес, сонымен қатар жалпақ байламмен де бөлінген болады.
Ер адамдарға тоқталар болсам;
Жамбастың ішастарлық бөлімінде тік ішек пен қуықтың жоғарғы, артқы капталдары және алдыңғы бетінің кішкене бөлігі жатады. Ішастарда құрсақтың алдыңғы алдыңғы қабырғасынан қуықтың алдыңғы-үстінгі бетіне өтер кезінде, көлденең қыртыс құрайды.
Ер адамдарда тік ішек-қуық шұңқыры жамбастың терең жері болып саналады. Сондықтан да бқл жерге құрсақ ағзалары зақымданғанда, іріңдік, қан, лимфа, тағы да басқалары жиналуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет