Бауыр құрсақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасады.Сонымен қатар оның диафрагмалық және висцералдық беттері ажыратады.
Осы екі бөлімге тоқтала кетсек: 1-Диафрагмалық бетінде:
1)жоғарғы
2)алдыңғы
3)оң жақтағы
4)артқы бөліктерін ажыратады.
2-Висцералды бетінде:
1-өт қабы шұңқырын
2-жұмыр байламы өтетін саңырауды
3-бауыр қақпасы
4)өңештік сайды көруге болды.Бауырдың төменгі шеті үшкірлі,ал артқы беті ішпердеден тыс дері жұмырланған.Бауырдың оң жақ бөлігінің жоғарғы нүктесі,толық дем шығарғанды бұғана орталық сызық бойында IV-қабырға аралық орналасады.Бауырдың сол жақ бөлігінің проекциясы сол жақ төс маңы сызық бойындағы V-қабырға аралық жатады.Бауырдың төменгі қыры оң жағында,ал алдыңғы қолтың сызығы бойында X-қабырғааралықта жатады,оң жақ бұғана ортасы сызық бойында қабырғалар доғасының шетінде;ортаңғы сызық бойында бауырдың төменгі қыры семсер тәрізді өсіндімен кіндік ортасына проекцияланады.Сол жақ төс маңы сызық бойында V-қабырға шеміршегі тұсында бауырдың төменгі шеті жоғары қарай көтеріледі.Бауырдың дененің артына проекциялануы:бауырдың жоғарғы шекарасы IX-кеуде омыртқасына төменгішекарасы XI-кеуде омыртқа денесінің ортасына сәйкес жатады.Қабырға доғасының оң жақ төс маңы сызығын кесіп өтетін жері,сонымен қатар қабырға доғасы мен құрсақтың оң жақ тік бұлшықетінің латералды қырымен айқасатын жерде өт қабының түбі проекцияланады.Бауырдың синтопиясына тоқталатын болсақ:Бауыр алдынан диафрагманың қабырғалық бөліміне және іштің аллыңғы қабырғасына,қабырға доғалары бұрышында тиіп жатады:артында бауырдың диафрагмалық беті мен диафрагманың бел және қабырғалық бөліктері және төменгі қуыс венасымен жалғастырамыз.Бауыр жоғарыда диафрагмаға,төменде-бауырдың висцералды бетіне оң жақ бүйрекке және бүйрек үсті безге,асқазанның кіші иініне,12-елі ішекке,көлденең тоқ ішекке,өңештің құрсақ бөліміне тиіп жатады.Бауыр қантамырларының топографиясы:Меншікті бауыр артериясы және оның тармақтарына тоқтала кетсек.Меншікті бауыр артериясы бауыр -12 елі ішек байламында жатады,ол жалпы бауыр артериясының жалғасы болып табылады.Қақпа алдында немесе бауыр қақпасы ішінде оң жақ және сол жақтық тармақтарға бөлінеді.Сол жақ бауыр артериясы шаршы тәрізді жәнк құйықша бөліктерді қандандырады.Бұл артерия жолында бауыр өзектерінен 1-1,5 см ішкері және сол жақта қақпа венасының алдынан өтеді.
Оң жақ бауыр артериясы бауырдың оң жақ бөлігін және өт қабын қандандырады.Сонымен қатар қақпаға енер жерде оң жақ қақпа венасы мен оң жақ бауыр өзегі арасында 28,5% жағдайда бауыр қанды қосымша артериялардан алуы мүмкін.Олар оң жақ немесе сол жақ асқазан артерияларынан жоғарғы шажырқай артериясынан немесе құрсақ бағанынан тарайды.Бауырдағы ұштасулар ағзаішілік және ағза сыртылық болады.Асқазан 12-елі ішек және оң жақ асқазан артериялары ағзасыртылық ұшиасуларға қатысады.Сондықтанда,жалпы бауыр артериясы асқащан -12 елі ішек және оң жақ асқазан артерияларының басталған жеріне дейін байласа,бауырға жанама жолмен келеді.Меншікті бауыр артериясының оң жақ және сол жақ тармақтары ағза ішілік ұштасуды құрайды;оларлың диамері кішкентай болып келеді.Сондықтан оларлың біреуін байлағанд,бауыр ішілік жанама қан жолы нашар дамиды.
Бауырдың нервтенуі:Бауыр кезбе нервтермен,оң жақ диафрагмалды нервпен,құрсақ өрімінің тармақтарымен,диафрагма астындағы астындағы өрім тартақтарымен нервтенеді.Осы нервтер тармақтары бауыр қақпасында бауырдык алдыңғы және артыңғы өрімін құрайды.Бауырдың алдыңғы өрімі кіші шарбы май жапырақтары арасында бауыр артериясымен бірге орналасады.Бауырдың артындаға өрім қақпа венасы мен жалпы өт өзегі арасында жатады.Бауырдың екі нервтік өрімі өзара анатомиялық байлансыта сондықтанда оларды жалпы өрім деп қарауға болады