Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.
ГОББС Томас (1588–1679) – ағылшын философы, қоғамдық келісім теориясының негізін салушылардың бірі. Г. көзқарасының қалыптасуына Ф. Бэкон, Галилей, Гассенди, Декарттармен қарым қатынаста болуы үлкен әсер етті. Г. XVII ғ-да өрістеген Жаңа заман мәдениетінің филос. және саяси-әлеуметтік бастауларын негіздеуде үлкен қызмет атқарды. Ф. Бэкон сияқты білімді адам өмірі мен игіліктерінің басты қайнар көзі деп есептеп, әсіресе, қоғам туралы ілімдерді бір жүйеге келтіргісі келді. Г-тың әлеумет- тік ілімі еуропалық ойдың ары қарай дамуына үлкен әсер етті. Г. мемлекетті құдайышылықтан гөрі адами бастаулардан қалыптасатын «жасанды дене» деп қарастырды. Табиғи жағдайда, дейді Г. адамдармен бір-бірімен толас- сыз соғыс («бәрінің бәрімен соғысуы») жағдайында болды. Адам адамға қасқыр сипаттас келді. Жалпы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар қоғамдық келісімге келіп, құрастырылған мемлекетке өз құқықтары мен азаттықтарын берді. Мемлекетті басқарушының қызметі
– осы бейбітшілік пен ел құттылығын қорғап отыру. Г. өз отанындағы азаматтық соғыс зардаптарын дұрыс шешу үшін тұрақты азаматтық келісім қажет деді. Әдептіліктің негізінде Г. бойынша, табиғи заң – өзін- өзі сақтауға және табиғи мұқтаждықтарды өтеуге ұмтылу жатыр. Г-тың 18 ғ-да жан-жақты шарықтаған Ағартушылық мәдениеттің алғышарттарын қалыптастырудағы рөлі үлкен болды. Негізгі шығармалары: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640), «Философия негіздері» трилогиясы,
«Дене туралы» (1655), «Левиафан»(1651) және «Азамат туралы»(1642),
«Адам туралы» (1658).