Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет190/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ГУМБОЛЬД Вильгельм (1767–1835) – неміс филологы, философ, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі. Тарихтың мақсатын ол көркем туындыға ұқсас, белгілі бір үйлесімді тұтастық болып табылатын, адамдық даралықты қалыптастыратын және руханилық мұраттарды жүзеге асырудан көрді. Тұлғалар мен ұлттардың ерікті ішкі дамуы Г. бойынша, өзіне рухани шығарм. тұлғалардың әрекетін қосып алды. Мемлекет әрекеті, дейді Г. шектелген және ол сыртқы шекаралар мен ішкі құқық қорғау қызметтерімен анықталады («Мемлекет әрекетінің шекаралары», 1792). Бірнеше теориялық еңбектерінде («Ежелгіні, әсіресе гректікін зерттеу туралы», 1793, «Эстетикалық тәжірибелер») грек өнерінің маңыздылығын атап өтті. Г. шығарм.-ның биігіне оның тілтану еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына «халық рухын» жинақтаған. Г. мәдениетті «тарихта әрекет етіп отырған халықтар- дың рухын» білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Г. дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет