Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет193/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Ғабитов Тұрсын Хафизұлы 1991 жылы Қазақстанда бірінші ұйымдастырылған мәдениеттану кафедрасын 1995 жылға дейін басқарды. Оның басшылығымен алғашқы мәдениеттанулық зерттеулер жүргізілді, қазақ мәдениетін зерттеудегі ең маңызды отандық мәдениеттанулық ғылымының теоретикалық-әдіснамалық мәселелері анықталды. Профессорлар Т.Х. Ғабитов, Ж.М. Мүтәліпов және А.Т. Құлсариева 2001 жылы мәдениет және ақпарат Министрлігінің конкурсында «Қазақстанның онжылдықтағы үздік кітабы» деп танылып, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше мәрте басылып шығарылған «Мәдениеттану» оқулығының авторы болды. Сонымен бірге, Т.Х. Ғабитов жаңа буында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған «Қазақ мәдениетінің тарихы» (2020, 60 б.т.), «Мәдени-философиялық энциклопедия» (2019, 20 б.т.), «Қазақ философиясы» (2019, 17 б.т.); «.), «Қазақ этикасы» (2020, 17 б.т.), «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі» (2013, 25 б.т.) және т.б. монографиялардың авторы; қазақ және орыс тілдеріндегі «Философия» және «Ғылым тарихы мен философиясы» оқулықтарының (авторлар ұжымы; 2000-2019 жж.); қазақ тіліндегі «Философиялық энциклопедиялық сөздіктің» (С.Е. Нұрмұратовпен бірге; 2013, 32 б.т.), «Кульура и цивилизация» оқулығының (авторлар ұжымы; 2006 ж.) жетекші авторы болып табылады.
Т.Х. Ғабитов шетелде және шетел тілдерінде жарияланған бірнеше кітаптар мен ұжымдық монографиялардың авторы: «21 st-Century Narratives of World History» (АҚШ, Чарльз Уеллер және т.б., «Скопус» базасында, 2017, 40 б.т), «Kazakh Culture studies» (Германия, 2014, 15 б.т.), «Kazakh Culture challenges» (2018,14 б.т.), «Culture challenges» (КазНУ, 2015, 13,5 б.т.), «Казахи: опыт культурологического анализа» (Германия, 2012, 20 б.т.), «Диалог и самоидентификация культур» (Германия, 2012, 15 б.т. А.К. Жолдубаева), «The National Philosophy» (Баку, 2019, коллектив, 30 б.т.) және т.б.
Профессор Т.Х. Ғабитов заман талаптарына сай қазақ тілінде «Антрологияның тарихы мен теориясы» деген видеокурстар, «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты мультимедиялық оқулық, «Дәстүрлі және заманауи қазақ мәдениеті. Хрестоматия» атты электрондық кітап, «Қазақстанның рухани мұрасы және мәдени ескерткіштері» атты каталог-контент, «Мәдениеттану кітапханасы» атты электрондық кітап жариялады. Ол философия секциясының мүшесі ретінде «Қазақ халқының философиялық мұрасы» бойынша 20 томды, «Әлемдік философиялық мұра» топтамасында 20 томды, әл-Фарабидің 10 томдық шығармалар жинағын құрастыру мен жариялауға қатысты. Профессор Ғабитов Т.Х. «Мәдени мұра» аясында 568 беттік «Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы» атты антологиялық жинақтың құрастырушысы болды. Т.Х. Ғабитов «Құрмет» орденінің (2019), «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының (2007), Қазақстан ғылымы мен білімінің дамуына көрнекті үлес қосқаны үшін берілетін президенттік ғылыми стипендияның иегері. Ол 2001 жылдан ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» (2008), «ҚР ғылым саласына қосқан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет