Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет192/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГУССЕРЛЬ Эдмунд (1856–1938) – неміс философы, феноменология- лық бағыттың негізін салушы. Математика мен логика мәселелерімен көп айналысқан. 1900–1901 жылдары екі томдық «Логикалық зерттеулерін» жариялап, жаңа философиялық тәсіл ретінде феноменологияның дүниеге келгенін жариялады. Еңбектің бірінші томында («Таза логикаға пролего- мендер») Г. енді өзі «психологизм» деп атаған бұрынғы көзқарастарын сынайды. Логика мен математиканың негіздерін эмпирикалық ғылыми пси- хологиядан іздеу дұрыс емес. Тек априорлы ғылым ретіндегі философия ға- на рационалды ұғымдарды негіздей алады. Бірақ философия дескриптив- тік феноменологиямен толықтырылуы қажет. Дүние қалай болса, оны сол күйінде алу керек, «заттардың өзіне қайту қажет» дейді. Г. феноменологиясы


180

заттар мәнділігін таным актілерінен табады. «Логикалық зерттеулердің» екінші томында «білдіру» және «мағына» сияқты маңызды логикалық мәсе- лелерге назар аударады. Бұл томда интенционалдық ұғымын жан-жақты қарастырады. Г. барлық ділдік құбылыстарда интенционалдық бар дейді. Ол философиядағы өзі «натурализм» мен «тарихшылдық» деп атаған ағым- дарды сынға алды. Философия рефлексиялық ілімге айналу керек. Бұл жағдайда «таза сана» немесе «трансценденталдық Эго» дараланып, ол үшін барлығы объектілерге айналады. Сана объектілері «таза мәндер» немесе


«эйдостар» болып көрінеді және феноменологияның міндетіне оларды суреттеп беру жатады.
Әдебиет: Гуссерль Эд. Логические исследования. – М., 2001; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени-философиялық энци- клопедия. – Алматы, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет