Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет200/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ – адам іс-әрекетінің ғылыми білімдер өндіретін айрықша формасы болып табылатын ғылыми танымның тұтас алғандағы қалыптасуы мен дамуының және қызмет етуінің жалпы үрдіс- терін, заңдарын тарихи өзгертіп отыратын мәдени-әлеуметтік аяда зерде- лейтін философиялық білімнің бір саласы. Ғ.ф-ның пәніне жататын мәсе- лелер: ғылым дегеніміз не, ол қашан пайда болды және қалай дамиды; оның адам танымының басқа формаларының (мифология, дін, философия, кәдуілгі таным, көркем таным және т. б.) арасында алатын орны, атқаратын қызметтері; ғылыми танымның объектісі мен субъектісі, даму заңдылық- тары, құрылымы, жаңа білімге бастайтын әдістері; ғылыми ақиқат дегеніміз не, оның критерийлерін талдау; ғылыми танымға тән идеалдар мен норма- лар, ғылыми құндылықтар, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бол- мысы; ғылымның жалпы адам мәдениетінде алатын орны, даму кезеңдері, мәдени-әлеуметтік сипаттары, ғылыми іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; ғылыми революциялар және ғылыми рационалдылық мәселесі, қазіргі ғылымның адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі рөлі, болашағы және т. б. Ғ.ф. өзіне қажетті деректерді ғылым тарихынан алады, сондықтан ол тарихи-ғылыми зерттеулермен тығыз байланыста дамиды. Ғ.ф. ғылымды мәдени-әлеуметтік феномен есебінде қарастырып, оның қазіргі өркениет дамуындағы рөлін, адам ойының, білімінің, мінез-құлқының, адамгершілік


187

қасиеттерінің өзгеруіне тигізетін әсерлерін (мысалы, биоэтикалық мәселе- лерді) зерделейді. Ғ.ф. философиялық білімнің айрықша бір облысы ретінде ХІХ ғ. орта тұсында пайда болады. Бұған дейін философия мен ғылыми танымның өзара байланысына қатынасты мәселелер философия тарихы- ның ұзына бойында әр дәуірдің өз тарихи ерекшеліктеріне орай қарасты- рылып отырған. Бұл мәселелер Жаңа заман философиясында (Ф. Бэкон, Р. Декарт, Г. Лейбниц, Дж. Локк, И. Кант, Г.В.Ф. Гегель және т. б.) орталық орын теуіп, Ғ.ф. пайда болуының алғышартын жасауға зор үлес қосты. Ғ.ф. алғаш Батыс Еуропада ХІХ ғ. ортасында үстемдік құрған позити- вистік философияның құзырына ілігіп, оның тарихи үш формасы (алғы позитивизм, эмпириокритицизм және неопозитивизм) құрамында дамып, өзіндік мәртебеге ие болады. Содан бері Ғ.ф. бойынша зерттеулер қар- қынды түрде жүргізіліп, қазіргі философияның өзекті бір саласы ретінде дамып келеді. Әлеуметтік-саяси, гуманитарлық және жаратылыстанулық ғылымдар философиясы бойынша академик Ә. Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен халықаралық философиялық мектеп қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет