Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


арттыру, сөйтіп, дүние жүзіндегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылу сияқты міндеттер тұр. Әдебиет



бет196/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   571
Байланысты:
treatise187525

182

арттыру, сөйтіп, дүние жүзіндегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылу сияқты міндеттер тұр.


Әдебиет: Изотов М.З., Фидирко В.А., Шайкемелев М.С. Наука в Казах- стане: история и современность (Философское исследование в двух книгах). – Кн. 1. Алматы: ИФиП МОН РК, 2006; Изотов М.З., Сарсенбаева З.Н. Наука в Казахстане: история и современность. Кн. 2. Алматы: ИФиП МОН РК, 2009.


ҒЫЛЫМ ӘДІСНАМАСЫ (методологиясы) – ғылыми танымның әдістерін, реттеуші принциптерін зерделейтін ғылым философиясының маңызды бір тарауы, құрамдас бір бөлігі. Әдіс-айласыз адам іс-әрекетінде ештеңе тынбайтыны белгілі. Ғылыми іс-әрекеттің де өзіндік әдістері, айла-тәсілдері, идеалдары мен нормалары бар. Ғылым философиясы әдіс мәселесіне әрқашан ерекше көңіл бөліп, оның мәнін, түрлерін, талаптарын, барлық құралдарын талдап, жетілдіріп отырады, онсыз ғылыми зерттеу- дің алға басуы күмәнді. Ғ.ә. философияның әдіснамалық қызметіне, осы бағыттағы оның жетістіктеріне сүйеніп, соларды ғылыми танымның ерек- шеліктеріне сай түрлендіріп, нақтыландырады. Философия тарихында әдіс- нама мәселесі әр заманның мәдени-әлеуметтік даму деңгейінде зерделеніп, философиялық әдістер қатары Сократтың диалектикалық мысқылынан (ирониясынан) бастап, антикалық диалектикалық ойлау әдісі (Сократ, Платон, Зенон, Аристотель), ортағасырлық схоластикалық ойлау әдісі, метафизикалық, формалды-логикалық әдіс, индуктивтік әдіс (Ф. Бэкон), дедуктивтік әдіс (Р. Декарт), диалектикалық әдіс (Гегель, Маркс), анали- тикалық әдіс (Л. Витгенштейн), феноменологиялық әдіс (Гуссерль), гер- меневтикалық әдіс (Гадамер) болып тізбектеліп өз жалғасын табуда. Фило- софия мен әдіснама (методология) бір-бірімен өте тығыз байланыста, бір-бірінен айырғысыз бірлікте дамиды. Ғылым философиясы мен Ғ.ә. да ішкі бірлікте қарастырған жөн. Қазіргі философиялық әдебиетте әдістерді жалпылық деңгейіне қарай бірнеше топқа бөліп жіктейді: философиялық әдістер (мысалы, бір-біріне қарама-қарсы диалектикалық әдіс пен мета- физикалық әдіс, индуктивтік әдіс пен дедуктивтік әдіс), зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, жеке ғылыми әдістер, пәндік және пәнаралық әдістер. Философиялық әдістер адам іс-әрекетінің барлық салаларына (соның ішінде ғылымға да) ортақ, ең түпкілікті, ең терең ойлау заңдары мен заңды- лықтары негізінде дамытылған әмбебап принциптер (даму, қайшылық, нақтылық, тұтастық, детерминизм принциптері және т. б.) түрінде іске асады. Бұл әдістер ғылыми танымдық, оның әдіснамалық мәселелерін де, философиялық-гносеологиялық тұрғыдан, яғни адамның жалпы танымдық іс-әрекетінің маңызды бір саласы ретінде талдауға мүмкіндік береді. Жал- пы ғылыми әдістер қатарына қазіргі ғылымның басым көпшілігінде кеңі- нен қолданыс тапқан зерттеу әдістері (жүйелілік әдісі, жүйелі-құрылым- дық әдіс, статистикалық-ықтималдылық әдіс, модельділеу әдісі және т. б.)
183

жатады. Әрбір жекелеген ғылымдарда өз зерттеу объектісіне, мақсаты мен міндеттеріне сай қолданылатын әдістер, айла-тәсілдер жиынтығы жеке ғылымның әдістер тобын құрайды. Пәндік әдістерге ғылымның жеке дара саласына (мысалы, физикаға) кіретін пәндердің әрқайсысының өзіне ғана тән әдіс-айлаларын жатқызады. Пәнаралық әдістер, өзінің атауы көрсетіп тұрғандай, бірнеше (екі не одан да көп) ғылыми пәндер тоғысқан аралықта туындайтын кешенді мәселелерді зерттеуде қолданылатын интегративті мәндегі әдістерден құралады.


Қазақстандық философиялық мектепте XX ғ. 60-жылдары диалектикалық-логикалық әдіс кеңінен дамытылып, қазіргі ғылымның логикалық-методологикалық мәселелері осы тұрғыдан зерттеліп, көптеген жетістіктерге қол жеткізілген болатын. КСРО ыдырап, маркстік-лениндік философия тұғырынан тайып, тәуелсіздікке қол жетіп, философиялық плюрализмнің таңы атқан бүгінгі жағдаятта да, сол мектептің түлектерімен бірге (Ж. Әбділдин, Ә. Нысанбаев, Қ. Әбішев, Т. Ғабитов, М. Изотов, В. Дунаев және т. б.) диалектикалық-философиялық рухта тәрбиеленген жас философтар буыны қалыптасып (З. Исмағамбетова, С. Нұрмұратов, Н. Аюпов және т. б.) философия ісін алға жалғастыруда.
Ғылыми танымның әдістері зерттеудің жалпы логикалық әдістері және өз мағынасындағы ғылыми әдістер болып бөлінеді. Соңғылары өз ретінде теориялық білім құрудың әдістері және эмпириялық білім құру- дың әдістері делініп екіге бөлінеді. Жалпы логикалық әдістерге талдау және синтез, абстракциялау, жалпылау, индукция және дедукция, аналогия және модельділеу жатады. Эмпириялық зерттеудің ғылыми әдістерінің қатарына бақылау, суреттеу, салыстыру, тәжірибе қою, эксперимент жасау кіреді. Теориялық зерттеудің ғылыми әдістерін формализациялау әдісі, аксиоматикалық әдіс, гипотетикалық-дедуктивтік әдіс, абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі құрайды. Ғылыми танымның реалдық үдерісінде бұлар өзара әсерлесе қызмет жасайды және ғылымның дамуына орай жаңа зерттеу әдістері, айла-тәсілдері туындап дамып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет