Әдебиет: Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2013.; Идеи. Концепты. Судьбы. Институту философии и политологии – 50. – Алматы, 2008.
189
Д
190
ДАВИД Анахт (жеңімпаз, V ғ. аяғы – VI ғ. бірінші жартысы) – армян философы, логикі. Неоплатонизмнің александриялық мектебінің өкілі. Александрияда оқып, сонда оқытушылық қызмет атқарған. VI ғасырдың
30 жылдары Арменияға оралып, ежелгі армян философиясының греко- фильдік мектебіне жетекшілік жасады. Өзінің «Философия анықтамасы» еңбегінде антикалық релятивизм және агностицизмнің өкілдерін сынады. Оның «Порфирийдің кіріспесін талдау», «Философияның анықтамасы» атты еңбектері грек тілінде жазылып, кейін армян тіліне аударылды. Ол философия ғылымын құдайлық және адамзаттық ұғымдар туралы ғылым ретінде, өнер мен ғылымның шыңы ретінде, мән-мағына туралы ғылым ретінде, даналыққа құштарлық ғылым ретінде қарастырды. Оның еңбек- тері армян философиясының қалыптасуына елеулі рөл атқарды.