Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Қазақ халқының философиялық мұрасы. – Т. 14. Философия тарихы. – Астана: Аударма, 2006



бет210/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Қазақ халқының философиялық мұрасы. – Т. 14. Философия тарихы. – Астана: Аударма, 2006.


ДАО (қыт. жол) – қытай философиясының ең басты ұғымы. Д. бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы, Д. әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни, өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д. қайтып, содан жаңадан туылады. Б.з.д. VІ–ІV ғ.ғ. ол Лао Цзы, Чжуан Цзы, Ле Цзы еңбектерінде баяндалып, кейін конфуцийшіл және чань буддашыл ілімдер арқылы дамыған Д. туралы ілімге қытай мәдениетінің барлық филос. діни, саяси, эстетикалық иірімдері өрілді. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Д.-Дэ-Цзин (Д. мен Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды. Лао Цзы бойынша, Д. мәңгілік, негізсіздік, қуыс, құрдым сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ, Д-ның этикалық көрінісі ретінде, адамның


195

қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь»


– табиғилық және «у-вэй» әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше Д. рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет