Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет212/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ДЕВИАЦИЯ (көнелатын. devіatіo – ауытқу) – жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқу, яки жеке адамның немесе топтың осы жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқып, оның жалпы қоғамға немесе белгілі бір топқа жағымсыз әсері болатын әлеуметтік әрекеті. Бұл термин мәдениеттануда субмәдениетті түсіндіру үшін қолданылады.


ДЕГРАДАЦИЯ (франц. degradatіon – құлдырау) – бірте-бірте төмен- деу, құлдырау; жағымды қасиеттердің төмендеуі немесе жоғалтуы. Мәде- ниет деградациясы, белгілі бір мәдениеттің тұрақты элементтерінің (қалып- тары мен идеалдарының) құлдырауын немесе жоғалып кетуін білдіретін ұғым-термин.


ДЕГУМАНИЗАЦИЯ, бейгумандық қоғамдық өмірдегі рухани, адам- гершілік және гумандық құндылықтарды жоғалту немесе мойындамау, қабылдамау, адамдарды сыйламау, оның адамгершілік қасиетіне менмендік таныту. Өнердегі Д. ұғымын ғылыми айналымға енгізген – Ортега-и-Гассет. Өнер шығармаларынан бейгумандық әсер қалдырар деген жерлерін алып тастау керек деген ой Ницшенің «тіпті қарабайыр, адам өмірін бейнелеуде сол өмірдің өзін сүреңсіз қалпында бере салған» деген тұжырымымен түйінде- леді. Д. өнерде ХХ ғ-да пайда болған авангардтық-модернистік ағымға социо- логиялық және эстетикалық талдау жасау барысында кеңінен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет