Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Іс- шараның көрнекілігі:нақыл сөздер , ақын – жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер : «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » . Ғабит Мүсірепов.
«Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы :
І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.
І . Кіріспе сөз.
Армысыздар , құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Тілім менің- тірегім» атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі , түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі » .
Ана тілім – арым , нәрім , қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын.
Оқушылар өздері дайындалып келген ана тілі туралы өз өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Сайысымыз ҮІІ турдан тұрады :
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе ? »
УІ. «Кім біледі ? » Танымал адамдардың порттерін көрсету, оқушылар табуы қажет
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
І тур «Сәлемдесу ».
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті » орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее » Оқушылар берілген нақыл сөздердің орындарын табады.