Сабақ «Тамақтандыруды ұйымдастыру»



Дата01.04.2017
өлшемі396,76 Kb.
#12944
түріСабақ
№3 Байзақ колледжі

Тақырыбы:



Кеспек ет әзірлеу

(Ашық сабақ)




«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының

өндірістік оқыту шебері А. Абдибаева


Сарыкемер - 2015 жыл


«Бекітемін»

№3 Байзақ колледжінің

Ө.О.Ж. орынбасары

_______М.М.Жетібаев

«___» «____» 2015ж.



Өндірістік сабақ жоспары
Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Тобы: 23

Сабақтың тақырыбы: Кеспек ет әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға техникалық жағдайларды қатаң сақтай отырып, кеспек ет дайындау жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Білім алушыларды шығармашылық ізденіске бағыттау, шеберлігін шыңдай отырып, өз мамандығына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс орындауда кәсіби шеберліктерін қалыптастыру. Еңбекті сүюге, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Үйрету – көрсету, сұрақ – жауап.

Сабақтың материалдық-

техникалық жарақталуы: Электр плитасы, өндірістік үстелдер, пышақтар, тақтайшалар, қазан, таба.

Көрнекіліктер: Тапсырмалар, сұлбалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу; түгендеу;

білім алушылардың назарын сабаққа аудару

өндірістік сабаққа арналған арнайы

киімдерін тексеру;

жұмыс орнын ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе нұсқау:


  1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау;

  2. Білім алушылардың білімін тексеру, өткен сабақты қайталау;

Үй тапсырмасын «Ойлан, тап!» ойыны арқылы сұрау.

Топты екі командаға бөліп, алдарына бірдей сызба беріледі. Сол сызба бойынша өткен сабақтың технологиялық сұлбасын жасату.



Қуырдақ тағамының жасалу жолы.





3. Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Тақырып материалдары бойынша нұсқау беру;

2. Тапсырманы орындау жолдарын түсіндіру және көрсету

3. Жіберілген қателіктерді көрсету және жөндеу тәсілдерін



үйрету.
Кеспек ет тағамын дайындау үшін алдымен етті кесектерге турап алады, сосын қыздырылған майға сөлі тартылғанша қуырады.

Пиязды майдалап не жарты сақинашалап турап қуырылып жатқан еттің үстіне салып қуыруды жалғастырады.



Қызанақтың қабығынан тазалап, майдалап турайды да еттің үстіне салып



5-мин қуырады. Қызанақ орнына томат езбесін немесе кетчуп салуға болады.

Алдынала қуырылған ұнды еттің үстіне салып жақсылап араластырады.



Үстіне қайнаған су не сорпа құйып жәй отта 1-1,5 сағат қайнатады. Дайын болуға 5-10мин қалғанда тұз, бұрыш салып дайын болғанша қайнатады.



Дәміне қарай тағамға пиязбен қоса майдаланып туралған сәбіз қосуға, ал қызанақпен болгар бұрышын қосуға болады. Бұл тағамды түрлі гарнирмен әсемдеп ұсынады.





4. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Кеспек еттен тағам дайындау үшін етті қалай қуырады?

  2. Қандай гарнирлермен ұсынуға болады?

  3. Тамақ дайындағанда ұнды не үшін қосады?

  4. Кеспек ет дайындау кезіндегі қауіпсіз ережесін ата.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін білім алушылардан сұрақ-жауап алу, істейтін жұмыс орнын бөліп беру және орындайтын жұмыстарын бөлу.Техника қауіпсіздік ережесінен сұрақ беру, білім алушылардың өндірістік сабаққа арналған арнайы киімдерін тексеру.

III. Білім алушылардың өздігінше жұмысы:

Ағымды нұсқау:

1. Жұмыстың өз уақытында басталуын, жұмыстың орындалуын тексеру;

2. Еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын, орындалған жұмыстарға бақылау жүргізе білулерін тексеру;

3. Қажет болған жағдайда білім алушыларға жеке көмек көрсету;
IV. Қорытынды нұсқау:

1. Білім алушылардың сабағын қортындылау;

2. Білім алушылардың жақсы орындалған жұмыстарын көрсету;

3. Жіберілген қателіктерді сипаттау, олардың пайда болу себептерін түсіндіру,

4. Орындаған тапсырманы қабылдау, алған бағаларын хабарлау;

5. Үйге тапсырма беру.

1. Кеспек етке технологиялық карта жасау.

2. Кеспек ет тағамына технологиялық сұлба жасау.



Өндірістік оқыту шебері: А. А. Абдибаева

ІІІ. Білім алушылардың өздігінше жұмысы

Технологиялық сұлба.
Тақырыбы: Кеспек ет.


Етті тазалап жуу.





Ірі кесектерге турау.





Пиязды турау





Табаға майды қыздырып, еттің суы тартылғанша қуыру.





Еттің үстіне пиязды салады.





Қызанақтың қабығын тазалап, майдалап турайды не томат езбесін салады да дайын болғанша қуырады.




Ұнды бетіне салып жақсылап араластырады.





Үстіне қайнаған су не сорпа құйып жәй отта қайнатады.




Тұз, бұрыш салып дайын болғанша қайнатады.





Тағамды түрлі гарнирмен әсемдеп ұсынады.

Каталог: uploads -> doc -> 0ac2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ac2 -> Сабақ "Менің атым-Қожа" Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев "Менің атым- Қожа"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет