Әдебиет: Китайская философия. Энциклопедический словарь. – М.: Мысль, 1994. – 573 б.; Дао и даосизм в Китае. – М., 1982; Кобзев А.И. Категории дао, дэ, ци в истории китайской философии // 16-я НК ОГК. – Ч. 1. – М., 1985. Шығыс философиясы. – Алматы, 2009.
ДАОСИЗМ – Қытай философиясының негізгі бағыттарының бірін және дәстүрлі дінін білдіретін термин. Дао цзя, дао цзяо іліміне сәйкес келеді. Даостық философияда маңыздысы дао туралы ілім. Д-де Дао барлық бар нәрсенің субстанттық заңдылығы, космос, адам, қоғамның мезгілсіз болмыс заңы; тудырушы бастау, формаға ие болған заттардың генетикалық алғышарты, жол, циклдік уақыт принципі, әлемнің онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның өмірлік жолы. Даоға игі күш дэ тән. Д. жетекші концепцияларына цзы жань («табиғилық») және у вэй («әрекетсіздік», мақсатты әрекеттің жоқтығы) жатады. Д. іліміне сай эгоистік ұстанымдар мен даодан бас тарту адамдардың адасуына әкеледі, олар әлемді өзіндік мәні бар деп түсінілетін жеке заттарға бөле бастайды. Бірақ даоның еш- қандай шекарасы жоқ: дао-әлемде барлығы теңестірілген, біртұтастыққа біріктірілген. Барлық қайшылықтар үйлесімділікке келтірілген, объект пен субъект бір-біріне қарсы қойылмаған. Осыдан даостық философиядағы релятивизм шығады. («Чжуан-цзы»). Дао – ғарышпен біріккен, ақиқатты таныған данышпан үшін өмір мен өлім туралы қарама-қарсы түсінік жоқ. Д.-де адам біркелкі психосоматикалық тұтастық, руханилық (жан) пен материалдыққа (тән) бөлінбеген. Рухани бастау – «рух» (шэнь) квази- материалды субстанция «пневманың» (ци) нәзік күйі ретінде түсіндіріледі.
«Рух» денемен қоса өледі де әлемдік «пневмаға» жайылып кетеді, бірақ дао- универсум мәңгі, сондықтан, оған ұқсас адам да мәңгі болуы тиіс. Мәңгілік даомен қосылған кезде іске асады.
Д. тарихы екі этапқа бөлінуі мүмкін: пайда болуы мен қалыптасуы; қалыптасқан бағыттың дамуы. Д. пайда болуының алғышарттары ежелгі діни сенімдерде. Оның түптамыры Чу патшалығындағы шамандық сенім- дермен және маг, сиқыршылардың ілімдерімен байланысты болуы мүмкін. Б.д.д. ІІІ–IV ғғ. философиялық рефлексияның нәтижесінде алдыңғы ғасыр- да стихиялық түрде қалыптасқан түсінік негізінде ілім пайда болады. Оны ұстанғандар кейін б.д.д. І–ІІ ғ.ғ. пайда болған «дао және дэ» (даодэ цзя) мектебіне жатқызылды. Бұл ілімнің ескерткіштеріне аты жартылай аңызға айналған данышпан Лао цзы жазды деген «Дао дэ цзин» және
196
IV–ІІІ ғғ. философы Чжуан Чжоудың көзқарастары баяндалған «Чжуан- цзы» трактаттары жатады. Одан басқа Д. негізін қалаушыларға Ле Юйкоу (Ле-цзы, б.д.д. ІІІ–IV ғғ. шамасында) және эклектизмге жақын Лю Аньды (Хуайнань-цзы, б.д. ІІ ғ.) жатқызуға болады.
Діни-философиялық жүйе ретінде даосизм б.д. Лао-цзы мен Чжуан- цзы ілімдерінің; натурфилософтар (иньян цзя); «рух» концепциясының; шамандар мен магтардың сенімдерінің; «өлмейтін қасиетті адамдар» (сянь, шэнь сян) туралы түсініктің синтезі нәтижесінде пайда болады. Даостар ілімін ежелде мифтік «Сары императорға» (Хуан ди) құпия ашылған кезде пайда болды деп есептейді. ІІ ғ. Лао-цзы құдай аталып, «даоның денесі» ретінде қабылданады. Сол кезде институционалданған даостық бағыт
– Тяньши [дао] («Аспан ұстаздарының Жолы») пайда болады. Бірінші патриарх Чжан Даолин болған. «Аспан ұстазы» титулы Чжан руында мұраға осы күнге дейін беріліп келеді.
VІІ–VІІІ ғғ. буддизмнің әсерімен даостық монахтық институт және монастырьлар пайда болды, ал діни практикада психотехникалық әдістер (медитация) басымдылыққа ие болды, негізгі зейін ішкі өзіндік жетілдіру жолдарына бағытталады. Д. әдебиетке, өнерге және т. б. қытай мәдениетінің басқа да аспектілеріне өте көп ықпалын тигізді. Д. дәстүрлі медицинаға әсері теория жүзінде де (адам денесінің Әлемнің құрылымына сәйкестігі, организмнің тіршілік етуі мен құрылымы туралы ілімдер), практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі. VІІ ғ. Д. Кореяға – Когурё мемлеке- тіне енді. Жапонияда синтоизмге де ықпалын тигізді. Қазіргі күні ҚХР-да Д. ұстанушылар Ассоциациясы бар. Д. Тайвань мен Гонконгта өте танымал. Әдебиет: Древнекитайская философия. – Т. 1. – М., 1972; Дао и даосизм в Китае. – М., 1982; Торчинов Е.А. Даосизм. СПб., 1993; Шығыс философиясы.
– Алматы, 2009.
ДӘСТҮР (лат. traditio – тапсыру, жүктеу) – әлеуметтік-мәдени тәжірибе қосындыларын ұстап қалу, орнықтыру және таңдамалы түрде сақтау ісінің әмбебап құралы. Д. қазіргі нақты қызмет жүйесінде бұрынғы заманның уақыт сынынан өткен рухани нұсқаларды қайта түлетуді қамтамасыз етеді, яғни, ол осы шақ пен болар шақты өткен шақ арқылы байланыстырып, құндылықтарымен негіздейді. Тар мағынада Д. дегеніміз мемлекет нұс- қауынсыз, өзінен өзі тірлік ететін құндылықтар жүйесі. Д-лі таным өзіне ешбір мақсат немесе бағыт-бағдар қоймайды, себебі оның мақсаты өз ішінде өзімен бірге қызмет етеді. Ешкім Д-дің себебін іздемейді, өйткені ол бұрында бар болған, ал оның өнімділігі үйреншікті нұсқаға дәлдігімен анықталады. Д. осы мағынада «тірі, шынайы, бастапқы», ой елегінен өт- пеген деп аталады. Ол бір жағынан, белгілі әрекеттерді және ережелерді ұстану арқылы таралса, екінші жағынан, ауызша, фольклор мен мифология арқылы таралады. Д. бүкіл құрамы символикалық мағынаға толы, белгілі
197
мәдениетте бекіген мағына мен архетиптерге сілтеме жасайды. Шынайы Д. ритуалдық нұсқасы түпкі мағынасын жоғалтқанда әдет-ғұрыпқа айналады. Өте ерте замандардың өзінде, Ежелгі Шығыс немесе антикалық қоғам- дарда Д. өзгеріске түсіп, ақылға көнуге икемделіп, мамандар жасайтын мәдениеттің қолына түседі. Мұнда ол әріптік-таңбалық нұсқаға ауысып, белгілі мәтіндерде сақталады. Осындай өңдеуден өтіп Д. қайтадан нақты рәсімге айналады да, осы шақтағы тірі субъектердің ұстамы ретінде қызмет етеді. Сөйтсе де, ол дәстүртанушы тұлғаның мұқтажына байланысты түрлі сипатқа ие болады. Оны тұтынушы немесе жаратушы тұлғалар пайдалануы мүмкін. Соңғы жағдайда авторлық Д. пайда болып, жаңаша тәжірибе қалыптастырады. Міне, осындай жағдайларда шынайы және бастапқы емес, екінші дәрежедегі Д. сөз етуге болады. Бастапқы және екінші дәреже- дегі Д. қосындысы кең мағынадағы Д. ұғымын құрайды. Д. бұл екі түрін біріктіретін нәрсе, олардың сыртқы күштің қатысуынсыз өз бетінше тірлік етуіне, ал айырмасы екінші дәрежедегі авторлық Д. жекетұлғалық ой елегінен (рефлексия) өтуіне байланысты. Д-лі қоғам деп өзгеріске түсуге құлықсыз, тек Д. шеңберінде тірлік ететін қоғамды атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |