Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.
ДЕКАДАНС (франц. dekadance– түңілу) – ХІХ ғасырдың екінші жар- тысы мен ХХ ғасырдың басыңдағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білді- ретін, Еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы. ХХ ғасырда модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылып, қоғамдық талас-тартыстан алшактап дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұрады. Төңкерістік бағыттағы үрдістердің қоғамды соқыр сенімнің жетегі- мен қиратуға бағыттайтынын көріп, Д. бағытындағы суреткерлер торығу күйін кешті. Д. бағытындағы суреткерлердің көзқарасы бойынша, кез-келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының мақсаты қоғамдағы қатынасты қайшылыққа әкеледі деп таниды. Өнердің саяси және азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің пікірінше шығармашылықтың еркіндік жағдайымен тікелей байланысты. Д. «өнер өнер үшін» деген қағи- даны қолданғаны да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын ескеру, шығармашылық- тың еркіндікті сақтауға ұмтылу деп таныған жөн. Д-тың Тұлғаның еркіндігін тануы жалпы эстетикалық құндылықтардан, сұлулықты талғам биіктігі- мен пара-пар тең қарастырумен үндеседі. Д-тың тұрақты тақырыбы – өмір мен өлім мотиві, рухани құндылықтар идеалына деген сағыныш сарыны болып табылады. Д. барлық жағынан өнер мен әдебиетті әр деңгейде суреткер шығармашылығынан көрініс тапқан бағыты – «модерн» стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады.