Әдебиет: Большая советская энциклопедия, 8 т. – М., 1972; Тәтімов М.
Қазақ әлемі. – А., 1993.
ДЕМОКРАТИЯ (грек. – халық және билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің
203
бірі; ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим. Қазіргі кезде Д. атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесін; мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез- келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар желісін бейнелеу үшін қолданылады. Тіпті Д-ның көпшілік мойындаған бірегей анықтамасы да қалыптаспаған. Әр дәуірде өмір сүрген ойшылдар Д-ны өз заманының құндылықтары, нақты бір әлеуметтік ортаның аңсар мұраттары тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Адамзат тарихында Д. қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымның бастапқы ұйымдық пішіні ретінде пайда болған. Мыс., алғашқы қауымдық Д. әскери тайпалық Д. Осы заманғы Д. – ұзақ мерзімді тарихи дамудың жемісі, ол қоғамның өзін әлеуметтік-экономикалық үрдістер негізінде дамытуға орай қалыптасты. Бірнеше кезеңнен тұратын тарихи процесс ретінде Д-ның ежелгі дәуірлік, классикалық және осы заманғы теориясы түзілген. Ежелгі дәуірлік Д-ның теориясы – ежелгі грек топырағында, Афина республикасында б.з.б. V ғ-да дүниеге келді. Мұнда жоғары билік тұрақты шақырылып тұратын Халық кеңесінің қолында болды. Оған 20 жасқа толған әрбір афиналық ер- кін азамат ретінде қатысқан. Өйткені полис – мемлекеттегі әрбір еркін аза- мат ел билеуге қақылы әрі міндетті санаған. Ал Д. терминінің өзі алғаш рет грек тарихшысы Геродоттың шығармаларында ғана қолданылған. Ежелгі философ Платон мемлекеттік құрылымды 3 түрге: монархия, аристократия және Д-ға бөліп, олардың әрқайсысы «заңды және заңсыз болуы мүмкін» дейді. Оның пікірінше Д. ел басқарудың жақсы және жаман пішімдерінің, яки бір жағынан – монархия мен аристократияның, екінші жағынан – тирания мен олиграхияның арасында өмір сүреді. Жаңа дәуір ойшылдары енді Д-ның негізгі екі қағидасына – еркіндік пен теңдік ұстанымда- рына көңіл бөліп, адамның өзіндік Д. идеяларын негіздеуге талпынды. Әсіресе Д-ның классикалық теориясын қалыптастыруға Ж.Ж. Руссо мен австриялық социолог И. Шумпетер (1883–1950) елеулі үлес қосты. Шумпетердің ойынша, қоғамды басқаратын халық емес, кәсіпқой топтар. Көпшілік тек солардың біреуіне, әдетте, жетекшісіне дауыс береді. Мұнда халық емес, жеке адам басым тұрады. Тұлғаның еркіндігі, барлық азаматтардың саяси теңдігі мен ажырамас құқыларының сақталуы және т. б. маңызды саналады. Осы заманғы Д. ұғымына плюрализм (алуан түр- лілік) және элита (таңдаулы топ) теориялары жолбасшылық жасап, жаңа мазмұн білдіріп отыр. Яғни алғашқы теориясы бойынша, қоғамда өзіндік мүдделерін көздеген әр түрлі топтар көбейген сайын олардың арасында тек біреуінің оқшау шығып, жеке дара үстемдік ету қаупі азаяды, сөйтіп, өзге топтардың биліктен өгейсітілуіне жол бермейді.
Қазақстанда Д-лық үрдістердің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы- ның өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақ хандығындағы мемлекеттік бас-
204
қару жүйесінде негізгі билік үш жүзге ортақ ханда бола тұра, мемлекеттік маңызы бар мәселелер барлық уақытта Хан Кеңесі арқылы шешімін тапты. Бұл бір жағынан хан билігін белгілі бір мөлшерде шектеудің көрінісі болса, екіншіден Хан Кеңесіне мүше адамдардың өз ой-пікірлерін жоғары билікке ашық жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үш жүздің хандарын сайлап қою және оларға өз хандығы аумағында дербес шешім қабылдауға құқық берілуі жергілікті мемлекеттік басқарудың жетілген үлгісін көрсетеді. Құрылымдық жағынан хандықтан төмен болып саналатын, алайда қажет уақытта ханға да қарсы келуге, өз руының мүддесін қорғауға құқы бар рубасы ақсақалдар билігі жергілікті өзін-өзі басқару әдісін қалыптастырған еді. Сонымен қатар тәуелсіз сот билігі – билер соты қазақ халқының дәс- түрлі құқықтық мәдениетінің ажырамас бөлігі болып қалыптасты. Қазақ түсінігінде сөз бостандығы мен пікір еркіндігінің шарықтау шегін білдіре- тін «Дат» ұғымы қазақ қоғамында ерте кезден-ақ қалыптасқан дала Д-сының дамығандығын аңғартады. Отарлаған қазақ даласын басқаруды патшалық Ресейдің реформалауынан кейін (1867–1868) басталған Д-лық үрдістердің тежелу процесі Кеңес үкіметі орнатқан тоталитарлық қоғамның ыдырауына дейін созылды. 1991 жылдан бастап Қазақстан әлемдік мемлекеттік басқару жүйелерінде тиімділігімен танылған Д-лық даму жолына түсті. Қазіргі заманғы Д-ның классик. үлгісіне сай келетін мемл. басқару жүйесін, экон. құрылымын, әлеуметтік кепілдіктер ережелерін қалыптастырып, саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостан- дықтары» деп жазылып (1-бап) еліміз дамуының басты стратег. бағыттары айқындалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |