Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. – М., 1983; Филосо- фиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.
ДЕМОКРИТ Абдерлік (Δημόκριτος; шамамен б.д.д. 460–370) – ежелгі грек философы, Левкипптің шәкірті, атомистиканың негізін қалаушылардың бірі. Грекиядағы Абдеры қаласында туған. Өмірінің көп уақытын саяхаттаумен өткізіп, көп елдердің философиялық ілімдерін оқыған. (Ежелгі Египет, Вавилон, Персия, Үндістан, Эфиопия). Афинада пифагоршыл Филолайды, Сократты тыңдаған, Анаксагормен таныс болған. Демокриттің өмірі абдерліктер үшін түсініксіз болды. Ол әрқашан қаладан молаға кетіп қалатын болған, кей кездегі себепсізден себепсіз оның күлуі (сондықтан
«Күлегеш философ» деген атқа ие болған) оның жерлестерін ойға қалдырды, олар Д. есінен ауысқан деп есептеп, атақты дәрігер Гиппократты шақыртқан. Гиппократ Д. кездескеннен соң оның денінің сау, ақыл-есінің дұрыс
205
екендігімен қоса, өзі кездескен адамдардың ішіндегі ең ақылдыларының бірі деген қорытынды жасаған. Оның оқушыларының ішіндегі әйгілісі Бион. Д. философиясының басты жетістігі Левкипптің «атом» туралы ілімін дамытуы. Атом – заттың шынайы болмысқа ие, бөлінбейтін, жойылмайтын, пайда болмайтын бөлігі (атомистік материализм). Ол әлемді атомдардың бос кеңістіктегі жүйесі ретінде суреттеді, Әлемде атомдар саны шексіз, олардың формалары (идеялар είδος – түр, кескін) да шексіз. Атомдар бос кеңістікте бейберекет қозғалыста болады, олар формалары, өлшемдері, реті сәйкес келген кезде бір-біріне бірігеді немесе бір-бірінен ажырайды. Бір- бірімен қосылған атомдар күрделі денелер құрайды. Қозғалыс – атомдарға тән қасиет. Денелер – атомдардың комбинациясы. Екі атомның арасында кішкене бос кеңістік болады, сондықтан кез келген денелердің арасында да бос кеңістік болады. Осыдан атомдар жақындаған кезде бірін-бірі итереді. Сонымен қатар, атомдар арасында бір-біріне тартылу да болады.
Денелердің әртүрлі сипаты толығымен атомдардың қасиеттерімен, комбинацияларымен, біздің сезім мүшелерімізбен қатынасымен анық- талады. Сезілетін қасиеттер атомдардың бірігуімен, тек біз үшін пайда болады. Табиғатта ақ та, қара да, сары да, қызыл да, ащы да, тәтті де жоқ.
«Жалпының пікірі» барлығы қабылдаған пікір, біз үшін де сол, ал ол заттың өз табиғаты емес, оны Д. «шын мәнінде» деген терминмен белгілейді. Адамдар қара, ақ, тәтті немесе ащы деп мойындаған нәрсе шын мәнінде сол «бір нәрсе» және «ешнәрсе». Ол атомдарды «бір нәрсе» десе, бос кеңістікті – «ешнәрсе» деп атады. Атомистердің негізгі методологиялық ұстанымы изономия болды (грекше: барлығының заң алдындағы теңдігі), ол былайша тұжырымдалды: егер белгілі бір құбылыс табиғат заңдарына қайшы келмесе, онда шексіз уақытта және шектеусіз кеңістікте ол бір кезде орын алған, не болмаса, бір кезде пайда болады; шексіздікте мүмкіндік пен тіршілік етудің арасында шекара жоқ. Бұл принципті жеткілікті негіздің жоқтығы деп те атайды: белгілі бір дененің немесе құбылыстың басқа емес, осы күйде болуына басқа негіз жоқ.
Егер белгілі бір құбылыс әр түрлі күйде болса, онда олардың барлығы шын мәнінде бар дегенді білдіреді. Д. изономия принципінен бірнеше қорытынды жасады: 1) кез келген формадағы және өлшемдегі атомдар бар (сонымен қатар өлшемі бүкіл әлемге сай келетін); 2) Ұлы бос кеңістікте барлық бағыттар мен барлық нүктелер тең; 3) атомдар Ұлы Бос кеңістікте кез келген бағытта, кез келген жылдамдықпен қозғалады. Соңғы тұжырым бойынша, қозғалыс өздігінен түсінікті қажет етпейді, себебін тек қозғалысты өзгерту үшін ғана іздеу керек.
Космология. Ұлы Бос кеңістік шексіз. Бос кеңістіктегі атомдардың алғашқы хаостық қозғалысында өздігінен бір мезетте құйын пайда болады. Ұлы Бос кеңістіктің симметриясы құйынның ішінде бұзылады, сол жерде
206
орталық және периферия пайда болады. Құйын кезінде пайда болған ауыр денелер құйынның ортасына қарай тартылады. Жеңіл мен ауырдың айырмасы сапалы емес, өлшемдік қасиетке ие. Әлемнің ортасында ауыр атомдардан тұратын Жер қалыптасады. Д. әлемі сфералық-симметриялы құрылымға ие. Д. құдайдың болмысын мойындайды. Д. ойынша, құдайлар атомдардан тұрады, ал құдай – космостық зерде.
Достарыңызбен бөлісу: |