ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ – гуманитарлық ғылымда ғылыми зерттеу- лерді мифологиялық танымнан арылту әдісі ретінде танылады. Д. қазіргі кезеңде тарих, философия, дінтану және мәдениеттану ғылымында қолда- нылады. Д. терминін ғылыми айналымға ХХ ғ-дың 40 ж-дары неміс философы, әрі теологы Р. Бультман енгізді. Д. христиан діні, оның қасиетті кітаптардағы жазбалардағы қайшылықтарды айқындау, түсіндіру қажет- тілігінен туындаған термин.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005; Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – Алматы: «Білім», 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |