Әлемдік ұлттық білім беру жуйесі Анварова Замира 103-топ



Дата07.02.2022
өлшемі129,74 Kb.
#82375
Байланысты:
Әлемдік ұлттық білім беру жуйесі

Әлемдік ұлттық білім беру жуйесі

Анварова Замира 103-топ

Университеттік білім беру тарихы


Б.з.д. V-III ғасырларда – эллинизм дәуірінде Александрияда философия, филология, медицина және математиканы ғылыми дифференциацияға байланысты жеке-жеке қарастыратын жоғары деңгейдегі мектептер ашыла бастады
Ежелгі Грекия философтары жастарға білім, соның ішінде жоғары білім беру жүйесін жасауға көп көңіл бөлді. Платон (б.з.д. 428—348) аристократтық жастарға арналған білім берудің 3 деңгейлі жүйесін жасап шығарып, оның үшінші сатысын ерекше атап көрсетті.
Ғылымның, техниканың және мәдениеттің дамуымен ол деңгейлердің аттары өзгеріп, аралық деңгейлер қосылды, білім берудің мазмұны өзгеріп білім беру ғылыми тұрғыдан дамыды. Дегенмен біздің түсінігіміздегі жоғары білім орта ғасырда қалыптаса бастады. XI-XII ғасырларда алғашқы зайырлы жоғары мектептер пайда болды. Ол мектептерде оқу және ғылыми жұмыс бірыңғай оқу процесіне бірікті және оқу тек теорияға ғана емес, қолданбалы зерттеулерге, түрлі бақылауларға негізделді. Алғашқы зайырлы медициналық мектеп XI ғасырда Италияның Салерно қаласында ашылды

1348 жылы Прагада алғашқы славяндық университет пайда болды. Ортағасырлық университеттер 5-6 мерзім білім беретін 3 факультеттен тұрды: діни, медициналық және құқықтық. 1530 жылы жұмыс істеген 62 университет бүгінде де жұмыс істеуде.

1348 жылы Прагада алғашқы славяндық университет пайда болды. Ортағасырлық университеттер 5-6 мерзім білім беретін 3 факультеттен тұрды: діни, медициналық және құқықтық. 1530 жылы жұмыс істеген 62 университет бүгінде де жұмыс істеуде.

Орта ғасырларда жоғары білім схоластикаға бағынып, құдайдың бар екенін негіздеп, дінді насихаттады. Жоғары білімнің шіркеу ықпалынан, схоластикадан бостандық алуына Қайта өрлеу дәуіріндегі математика, астрономия, механика және медицина саласындағы ашылған ғылыми жаңалықтар (Леонардо да Винчи, Н.Коперник, И.Кеплер, Г.Галилей, Р.Декарт, И.Ньютон, Г.Лейбниц) әсер етті. Схоластика мектебі ағылшын философы Ф.Бэкон тарапынан қатаң сынға ұшырады

XIІ-XIІІ ғасырларда Еуропаның әртүрлі елдерінде (Италия, Испания, Франция, Англия) алғашқы университеттер ашыла бастады. Ағылшын тілдес әлемнің ең ескі және Ұлыбританияның ең бірінші университеті – Оксфорд университеті – 1117 жылы қасиетті отанын қорғаушыларға білім беру мақсатында құрылды. ІІ Генрих кезінде Оксфорд таза университеттік қалаға айналды, уақыт өте келе университеттік білім жағдайы жақсы адамдар үшін міндетті білімге айналды.


ХVІІ ғасырда зертханалар құрыла бастады, ғылыми зерттеу мен білім берудің бостандығы жарияланды. Алғашқы мемлекеттік ғылыми академиялар (Англияда, Францияда, Германияда) ұйымдастырылды, ғылыми журналдар жүйелі түрде шығатын болды
17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында техниканың, тау-кен ісінің, теңізде жүзу мен сауданың дамуы, ірі буржуазиялық-дворяндық мемлекеттің «өзіне қызмет жасайтын адамдарды» дайындауға ұмтылуы Ресейдегі жоғары білімнің дамуының алғышарты болды
1925 жылы Петербургте Ғылым академиясы және оның құрамында Академиялық университет пен гимназияның негізі қаланды. Ресейдегі жоғары білімнің дамуында М.В.Ломоносовтың үлесі мол болды
Орта ғасырларда университет пен академиялардағы жоғары білім тек байларға ғана қолжетімді болса, ХХ ғасырдың басынан бастап жоғары білім көпшілік қауымға қолжетімді болып, жоғары білім алушылардың саны күн санап өсті
18 ғасырдың 2-жартысында Англияда және өзге де елдерде капитализмнің мануфактуралық түрінен фабрикалық жүйеге көшу жоғары техникалық білімнің дамуының алғышарты болды
1966 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық актісінде жоғары білім алуға деген құқыққа кепілдеме берді
ХХ ғасырдың 60-жылдары интернет желісінің пайда болуымен жоғары білімнің дамуы жаңа қарқын ала бастады, жаһандық білім әртүрлі елдердегі студенттердің еркін байланысуына, шексіз ақпарат ағымына ие болуға және т.б. сансыз мүмкіндіктерге жол ашты. Интернет жаһандану, интеграциялану үдерісін сан мыңдаған есе жиілетіп жіберді. Осы нәрсенің арқасында қашықтықтан оқу қолжетімді білім алу түріне көшті

Болон процесі


Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 48 ел мүше болды

Болон үдерісі


Ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату
Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау
Жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
Білім сапасын бақылау;
Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау

Болонья процесінің негізгі идеялары


1.Білім игеру үдерісінің нәтижеге бағытталуы, нәтижені білім беру/алу жүйесінің негізгі қызметіне айналдыру
3.Болонья үдерісінде біліктілік (квалификация) термині құзыреттілікпен (компетенция) алмастырылған, құзыреттілік білім игеру үдерісінің басты нәтижесі ретінде танылады
2.«Оқытушы центристік» оқытудан «студентцентристік» оқуға ауысу
4.Жоғарғы оқудың басты мақсаты – нәтиже

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет