Түсінік хат
А.Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде, қазан революциясына дейін де, одан кейін де аянбай еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі. Тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол ең алдымен қазақ баласының ана тілінде де сауатын ашып ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші. Әрі сол зерттеудің негізінде тұңғыш Ана тілі оқулығын жазған адам. А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалім қауымы еш талассыз қабылдады. Себебі Ахметтің реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніліп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар 1912 ж бастап, ұсынған осы алфавитті негізге ала отырып, жаңа жазу іс жүзінде қолданыла бастады.
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан.
Бағдарлама мақсаты:
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту, ақынның жыр өнеріне қосқан үлесін меңгерту, шығармаларында кездесетін ауыл адамдарының прототиптерін анықтау, кейіпкерлер әлемімен танысып, өзіндік ой түйіндеу. Бағдарламада көрсетілген шығармалар оқуға, көркем мәтінді меңгерту үшін, оқушыны оқырман ретінде қалыптастыру.
Міндеті:
Оқушыларды азаматтық құндылықтарды білдіруге, адамгершілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға, сауатты жазып, өз ойын анық, толық жеткізе білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, оның поэзиясы туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу туралы ақындық болмысын, авторлық ұстанымын түсінуге баулу. Оқушының өз бетімен ізденушілік – зерттеу қабілеттерін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |