Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет205/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: ҚҰЭ. – Т. 3. – 133 б.


ДАЛАЛЫҚ ТАНЫМ – көшпенділер дүниетанымына негізделген ба- ламалы білік. Д.т. ерекшелігі – ол ешқашан өзгермейді, мың жылдар бойы
191

қабылдаған құндылықтарды сол күйінше ұстана береді. Мыс., егер иран тілдес халықтарды алсақ, олар зороастризм, манихейство, ислам арқылы өзінің рухани ділін өзгерткен халық. Ал көшпенділердің дүниетанымында осы діндердің элементтері бар да, ықпалы мардымсыз. Себебі көшпенділер- дің тіршілігі тек ритуалға, миф-аңыздарға негізделген. Ондағы ең басты қағида – «біз және өзгелер», қан тазалығына негізделген рулық қарым- қатынас.




ДАМУ – кері қайтарылмайтын, бағытталған, заңдылықты өзгерістерді білдіретін философиялық категория. Дүниеде өзгерістердің санқилы түр- лері орын алатыны белгілі. Оларды сандық және сапалық өзгерістер деп екіге бөлуге болады. Сандық өзгерістер белгілі бір шекке дейін нәрсенің сапасына селсоқтық танытып, оның ішкі күйіне соқтықпай өтеді. Сапалық өзгерістер, керісінше, нәрсенің ішкі күйін, құрылымын түрлендіріп, оның басқа күйге ауысуына жетелейді. Бұлар кері қайтарылатын және қайтарылмайтын болып бөлінеді. Осы кері қайтарылмайтын өзгерістер философиялық мағынасындағы дамуға жатады. Философияда даму кате- гориясымен сыбайлас жалпы, яғни кез келген өзгерісті білдіретін қозғалыс категориясы бар екені белгілі. Кез келген өзгеріс (қозғалыс) даму емес, даму қозғалыссыз болмайды, ол қозғалыстың айрықша деңгейі. Қозға- лысты болмыстың айрылмас қасиеті, атрибуты – десек, даму да тап солай болмыстың өзіндік бір атрибуты болып табылады, яғни дамуға да жалпыламалық тән. Қазіргі ғылым (синергетика) мұны дәлелдеп, даму органикалық дүниеге ғана емес, органикалық емес дүниеге де іштей тән екенін көрсетіп отыр. Бұл даму туралы философиялық ілім болып табыла- тын диалектиканың әмбебаптығының, қуаттылығының тағы бір дәлелі. Даму түпкілікті философиялық мағынасында өзінің нақтылы формаларын объективті заңдар бойынша тудыратын іс-әрекетті субстанцияның әмбебап өмір сүру тәсілін өрнектейтін ұғым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет