Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет182/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Кабисов Р. С. Логос Гераклита и наука логики // Философия и общество. Philosophy and society. – М., 1998. – № 3. – С. 135–154; Кессиди Ф. Х., Кондзёлка В.В. Гераклит и Древний Восток // Философские науки. – 1981. –
5. – С. 94–100; Гераклит // Фрагменты ранних греческих философов. Часть 1: От эпических теокосмогоний до возникновения атомистики / Изд. подг. А. В. Лебедев. – М.: Наука, 1989. – (Памятники философской мысли.).


ГЕРДЕР Иоганн Годфрид (1744–1803) – неміс философы, ағартушы, жазушы және әдебиеттанушы, мәдениет теоретигі. Ол адамзат тарихында- ғы ең түбегейлі органикалық негізде өлі және тірі табиғат эволюциясы нәтижесінде адам мен қоғамның қалыптасуы жөніндегі теорияны ұсынды.
«Адамзат тарихы философиясының идеялары» (1784–91) атты 4 томдық ең- бегінде адамзаттың үздіксіз қарыштауы туралы жазды. ХХ ғ. басына дейін бұл идея аксиомалық сипатта болып келді. Оның пікірі бойынша, қоғам –


172

бұл серпінді тетіктері, алдымен тіл, кейіннен оның негізінде қалыптасқан ғылым, қолөнер, өнер, дін, отбасы, мемлекет болып табылатын органикалық тұтастық. Халықтар тарихы, Г. бойынша, әрбір буыны алғашқысы және келесісімен ажырамас байланысқан мәдени дамудың тұтас тізбегі болып табылады. Мәдени дамудағы тіл мен қоғамдық институттардың қызметін жоғары бағалау Г-ді қазіргі мәдениеттанудағы рәміздік және әлеуметтік мектептерге жол ашушы деп санауға негіз бола алады. Г. әлемдік деңгей- дегі Шекспир, Сервантес, Пушкин сияқты даналардың шығарм. әр уақытта ұлттық сипатта болады деді. Әрбір халық өзінің арнаулы бағдарламасы бойынша дамиды. Сонымен қоса, бұл дамуда этнос парасаттылық және әділеттік мақсаттарын көздеуі керек. Бұл жағдайда адамның жоғары қасиеті – гумандылық жүзеге асады. «Халық әндері» (1778–79) жинағында Г. поэтикалық шығарм.-та барлық халықтардың теңдігі туралы идеяны қолдайды. Оның шығарм. мәдени-тарихи әдістеменің негізін қалады.


Әдебиет: Гердер И. Идеи к философии истории человечества. – М., 1977; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГЕРМЕНЕВТИКА (грек. hermeneutіke – түсіндіру өнері) – алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Г. ежелгі антикалық дәуірде көне ақындардың (ең алдымен – Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпия- лап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Ортағасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланыс- ты Г-ны діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Г. ан- тикалық мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф. Шлейермахер еңбектерінде Г. Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда – Г. «тұлғалық түсінуші тәжірибемен» (Г. Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Табиғи тіл өз мағыналарымен ойын жағ- дайында болады. Г. міндеті өзімен-өзі тұтас мәтінді дәл жектізу. Әсіресе, поэзияда Г. қажетті, өйткені, ақын жиі сәуегей кейпінде өз ойын жеткізеді. Г. мәселелерін де қарастырған. «Басқа мәдениетті түсіну үшін, дейді М. Бахтин, оның «ішіне» ену керек. Сонымен қоса, басқаны түсіну үшін өзіндегі тұрақтылықты да сақтау қажет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет