ДЮРКГЕЙМ Эмиль (1858–1917) – француз социологы, позитивист, француз социологиялық мектебінің негізін қалаушы. Бордо (1896) мен Сорбоннада (1902) социология мен педагогока пәндерінің профессоры.
Қоғамдық өмірдің әр түрлі қырын жан-жақты зерттеуде үлкен еңбек сіңір- ген ғалым. Мәдениеттің қызметі жеке тұлғаның қажеттігінен туындайды деген көзқарастарға қарсы болды. Д. қоғамның алғашқы кезеңіндегі сол қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлестікті сезінуі туралы концепциясы белгі- лі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызды. Ол мәдени құбылыстың объек- тивтілігін айқындай келіп, оған кіретін ұжымдық таным құрылымын төртке бөлген: біріншіден жалпы ортақ идея мен сезім (тіл, әдебиет, саяси, діни көзқарастар); екіншіден, имандылық пен адамгершілік қалыптар; үшінші- ден құқық және құқықтық сана; төртіншіден, экономикалық негіздер (ақша, салықтар, кіріс, баға, құн, экономикалық мақсаттар). Д. көзқарасы бойынша мәдени қызмет әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға ықпал етуі тиіс. Оның «Социологиялық әдіс» (1899), «Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы» (1900), «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтік этюд» атты еңбектері орыс тіліне аударылған.
ЕВГЕНИКА (грек. eugenes – асыл тұқымды) – адамның тұқым қуалау- Е шылығы және оны жақсарту жолдары туралы адам генетикасы мен меди- циналық генетиканы қолдануды пайдалануға шақыратын ілім. Е-ның әсіре
бағыттары нәсілшілдік пен «әлеуметтік дарвинизм» ағымдарының теріс идеяларын пайдалана отырып, адамдардың мәдени теңсіздігі олардың психо- физиологиялық айырмашылықтарына байланысты және адамдардың «жаңа тұқымын» шығару керек деген антигумандық қағидаларды ұстанған. Бірақ, Е-ның және оның жаңғыртылған қазіргі бағыттарында көптеген маңыз- ды адамдық мәселелер көтерілген. Неоевгениканың өкілдері (П. Рамсей, Ч. Фрэнкель, Дж. Ледерберг, Д. Рорвик, М. Эбон және т. б.) тұқымдық инже- нерияның қойған жаңа мәселелеріне назар аударады. «Жасалып жатқан адам» еңбегінде Г. Рамсей зиянды тұқымдық мутацияларға қарсы күрес қажеттігін алға қояды, сонымен бірге ол адам «фенотипін» жөндеу, жасанды пробиркалық нәресте, тұқымдық бақылау, демографиялық қысымды азайту мәселелерін гуманизм мен этика талаптарына сай шешуді қалайды. Ч. Френкель «Е. елесі» деген мақаласында биомедициналық биоэтикаға тәуелді болуын жақтап, жаңа Е-лық жобалардың адамзат құндылықтарынан алшақтамауын қолдайды. Дж. Ледерберг клондау (адамдардың жасанды баламаларын көбейту) идеясының озық жақтарына басты назар аударды. Бірақ, адамдарды генетикалық жолмен модификациялау көптеген гумани- тарлық және этикалық қиындықтармен кездесті. М. Эбон «Адамда клондау: тамаша жаңа үміт немесе жаңа үрей» еңбегінде бұл мәселеге үлкен байыппен қарауға шақырады. Жаңа Е-ның қойған көптеген мәселелері бойынша казіргі әлемдік өркениеттілікте қызу пікірталас жүріп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |