Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет267/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ЖАМАНДЫҚ – сыртқы қоршаған ортаның, әлеуметтің, қоғамның, жеке адамның дәстүрлі, қалыпты жағдайдан ауытқу қисынын белгілейтін моральдық категория. Августин философиясы бойынша: «Адам табиғаты- нан Ж.-тың тұтқыны». Мұхаммед пайғамбар: «Ж. адамның жанын күй- зелтеді. Егер сен Ж. істеген кезде жаның ауырса, онда сен имандысың» – деп айтады. Мұхаммед пайғамбар хадисінде: «Сен бір Ж-ты көрсең оны қолыңмен түзет, егер оған шамаң жетпесе тіліңмен түзет, оған да шамаң келмейтін болса оған іштей наразылық таныт» (Муслим, Иман) – делінген. Мұсылман Сүннетінде: «Мұсылмандардың жаман деп қабылдағандары, Алла құзырында да жаман болып табылады» – деп айтылған. Құдай нені жаман деп есептесе, сол жаман болып табылады. Мутазилиттердің көзқа- расында Ж. Алланың еркіне тәуелді емес. Оны адам өз ақылымен біле алады.


243

Құранда: «Көк пен жерді және екеуінің арасындағыны босқа жаратқан жоқпыз. Отқа тап болғандардың жағдайы нендей өкінішті» (67, 27 аяттар). Мұнда Алланың бос, яғни жаман нәрсені жаратпайтындығы айтылады. Егер біз өзіміз істеген жаман істерімізді Аллаға таңсақ, онда Алла жаманды жаратушы және өтірікші болар еді. Алайда Алла Тағала мұндай сипаттардан пәк дейді. Хадисте: «Алла тағала былай дейді: Мен құлдарымның барлығын Ж.-тан пәк етіп жараттым. Бірақ шайтандар кейіннен оларды діндерінен адастырды» – деп көрсетілген. Құранда: «…Әр адамның қол жеткізгендерінің сауабы да өзіне, жасаған Ж-ының да зияны өзіне» (Бахара сүресі, 2/267-аят), «…Ал және бір Ж. келсе, өзіңнен. …Кім Ж.-қа болысса, оған да одан бір тиесі бар» (Ниса сүресі, 78, 85-аят) – деп айтылған. Махмұд Қашқари (ХІ–ХІІ ғғ.) Ж.-тың жаман адам мінезінің болмысы екенін: «… Адамның жаманы барсығандықтар» – деп, олардың Ж. басында тұрып, опасыз келетіндігін айтып тұр. Тағы бір бәйіттерінде Махмұд Қашқари:


«Жақынын жамандап, дүние жияды, әйтеуір, амалдап туысын қуады» – деп Ж-қа итермелейтін мінезді сынай отырып, «жолдасыңды жамандап, артық пайда іздеме» дей келе, «Ж-тан аулақ бол жаның сонша күйгенше»
– деп уағыз айтады. Қазақ би-шешендері Ж-ты адам мінезіндегі төмен қасиеттерге жатқызып, оның иесіне баға беріп, сынап-мінеген. Мысалы:
«Жаман еркек жер қадірін білмес, жаман әйел ер қадірін білмес» (Майқы би) – дей келіп, Ж. мазмұнына ие болатын мінезді бағалаған болса, Бөлтірік шешеннің: «Төрем, сіздің үйдің қайсы бір дәмін татып қарасам, бәрінен елдің көз жасының соры шығады» – дегенді айта отырып, Ж-пен жасалған істің нәтижесіне қоғамдық пікірді білдірсе, «…Ешкімнің қақын жемеңдер, артында оның сұрақ бар» (Қабан би) – деп Ж-тың ақыры кәдік екенін ескертеді. Құрмысы шешен: «Адамды алдау, арыңның алдында қылмыс. Ағаңды алдау, анаңның алдында қылмыс» – деп пендені алдайтын мінезді Ж. іс деп танып, оны үлкен қылмыс ретінде мойындайды. Балпық би Ж. иесі жаманды төмендегіше бағалайды: «Жаманды ашу кернейді».


ЖАН – басым жағдайда адамның болмыстық бітімінің құрылымдық элементін, кісілігінің, субъектілігінің ішкі имманентті бастауын, дене тіршілігінің қайнар көзін білдіретін категория. Ж. ілімі барлық адамзат мәдениетінде орын алады, бірақ ол әртүрлі формада болып, әртүрлі мағы- налық контексте қолданылуы мүмкін. Көбінесе діни және философия- лық ілімдерде Ж. – жеке дара дене-бітімі болмайтын, мәңгілік элемент, адам денесінің тіршілік көзі. Жалпы мағынада Ж. – өмір ұстыны, тәнді тіршілікке келтіретін бастама ретінде анықталады. Заттарды алғаш рет
«жанды» және «жансызға» бөлуге байланысты алғашқы қауымдық наным- сенімдерде Ж. тән мүшелерімен әрі олардың қызметімен ұқсастырылды: қанмен (иудаизм), мұрынмен (Анд үндістері), жүрекпен (ежелгі египеттер),


244


мимен (Гален тұжырымдамасы) және т. б. Ежелгі гректер Ж-ды үш түрге бөледі: «ақылды» (баста), «батыр» (кеудеде) және «құмартушы» (ішек- қарында). Эпикур Ж. салауаттылығын біліммен байланыстырды. Ежелгі Египетте Ж-ның әртүрлі (ка және ба) түрі өмір сүретіндігі мойындалады. Ж-ды көлеңкемен, адам бетінің немесе денесінің су бетіндегі, айнадағы бейнесімен ұқсастыруы (адамның) жиі кездеседі. Мәдениет дамуының ал- ғашқы кезеңдеріне зооморфтік Ж. туралы түсініктер сәйкес келеді; әртүрлі халықтардың наным-сенімдерінде құс-бейнелі Ж. кең тараған. Ж-ның жеке болмыстық сипаты туралы сенімдер анимизмге байланысты қалыптасты. Көне түркілер Ж-ды құт деп атаған. Құтты үшке бөлген: ауа құт (адам ұйықтаған кезде денеден бөліне алады және әлемді шарлай алады), көлеңке құт немесе жер құт (адамның жанында жүретін құт, оны киелі, қасиетті адам көре алады), ие-құт (тәнді өздігінен тастап кете алмайды). Қазақтар ет жан, шыбын жан, рухи жан туралы айтқан. Таулы алтайлықтар Ж-ды жетіге түрге жіктейді: тын (тыныс), құт (адамның өмірлік қуаты), жула және сүр (денеден бөлек жүре алатын нұсқа), ауру көрмес және жаман көрмес, ізгі және кекті (өлген адам жаны немесе рухы). Кейінгі діни философияда Ж. адамның рухани мәні, оның тұлғалық қасиеттерін анықтайтын күш ретінде анықталады. ХХ ғасырдың аяғында пайда болған жаңа діни бетбұрыс өкілдерінің бірі – Виссарионның қазіргі діни ілімінде (Соңғы Өсиет) Ж. – адамның жаратылысынан тәніне енгізілетін мәңгі құдайылық табиғаттың рухани бастауы деп анықталады. Ж. арқылы тіршілік иесі өзіне діни құнды- лықтарды (жақсылық, ізгілік, қайырымдылық, махаббат, әсемдік т. б.) қосып алған адамға айналады. Фома Аквинский бойынша, Ж. – бейматериалдық субстанция, бірақ ол өзінің тіршілігін тек тән арқылы ғана іске асыра алады. Ж. «тәннің қозғаушысы» болып табылады және адамның мәнін анықтайды. Діни философия бойынша Ж. – дененің тіршілік ету қабілеті. Бірақ адам Ж-ының бүкіл басқа тіршілік иелерінің өмір сүруінен айырмашылығы, адам Ж-ы тек рухпен біріккенде ғана тіршілік қабілетіне ие болады. Алла тағала рух арқылы адамның тәніне Ж. салғаннан кейін ғана адам өзінің өмірлік мақсаттарына келе алады немесе адам мақсатты-тіршіліктік жаратылыс қалпына ене алады. Ж. адамға берілген басқа қасиеттерге қарағанда маңыздырақ құбылыс, өйткені адам тек Ж-ның қуаты арқылы ғана тіршілік етеді, өмір сүре алады. Ж. арқылы ғана адам тәні шынайы тіршілікке қол жеткізеді. Ал Ж. тән арқылы ғана өзін көрсете алады, дами алады. Тән Ж-ның даму кеңістігі. Ж. адамның жердегі тіршілігі үшін жаратылған. Әл-Фараби «Азаматтық саясат» деген трактатында Ж-ды беске бөледі: қоректенуші, сезінуші, пайымдаушы, ұмтылушы және теориялық. Ж. науқасы – жағымсыз әдеп деп біледі. Фараби мұндай Ж. тәнмен бірге өледі деп есептейді, өйткені ол күнәға батқан, былғанған, кәмілділікке ұмтылмаған Ж. Адам Ж.-ның тек теориялық ақыл қуаты арқылы ғана бақытқа жете


245

алады дейді. Теориялық ақылдың көмегімен кәмілдікке жеткен Ж. мәңгі, өлмейді, ондай жанның өмір сүруі үшін материя (тән) қажет болмайды. Ал өз кезегінде Ж. тән арқылы ғана өзін көрсете алады, дами алады. Ж-ның даму құралы – тән. Тән тозғанда Ж. өз тіршілігін тоқтатады. Ж. адамның жердегі тіршілігі үшін жаратылған. Рух о дүниенің, яғни Алланың қалауын орындаса, Ж. дененің бұл дүниедегі мақсаттарын орындайды. Осыдан адам рухы жоғары тартылса, тән жердегі тіршілікке тартылады дейтін таным қалыптасады. Адамның Ж-мен қатынас коммуникациясын вертикальды және горизонтальды бағытта қарастыруға болады. Мінездің жаманын да, жақсысын да таңдау Ж-ның құзырына берілетін құбылыс. Әл-Ғазали адам Ж-ының өздігінен болатын субстанция екендігі, Ж. тәнге енетіндіктен болмай қалуы мүмкін еместігі және тәндік қайта тірілу мәселесін көтереді. Ж. – рухани субстанция, ол өздігінен пайда болады, кеңістікте орын алмайды, сондай-ақ, ол денеде де болып табылмайды және денеге енбеген, денемен қосылмаған да, денеден бөлінбеген де субстанция. Ол Алла мен оның періштелері сияқты ғаламның ішінде де, сыртында да болмайды. Ғазалидің пікірінше, Ж.-ның тіршілік ұясы тән болғандықтан, оның тіршілік етпеуі мүмкін емес. Ж. өзінің тіршілігін үш жағдай арқылы тоқтатады: 1) тән өлген соң; 2) оның өзіне қарама-қарсылық негіз болғанда; 3) Алланың бұй- рығымен жойылады. Сондықтан әл-Ғазали: «Ақылмен танылатын Ж-ның қадірі көзбен көрінетін тәннен жоғары тұрады» – деп есептейді. Ибн Баджаның адам туралы іліміндегі басты мәселе – адам Ж-ы.


ХХ ғ. француз философы-теологы Пьер Тейяр де Шарден: …біз «Ж- ды» табиғаттың әртүрлі каналдары арқылы тоғыса отырып, әсемдікке және ақиқатқа біріктіру үшін бүкіл тән күшінің қайта түрлендіру фокусы ретінде түсінуімізге болады – деп жазады. Қазақ дүниетанымында Ж. ұғымы діни таным ауқымында қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет