ЖАНАМАЛАУ– бір ұғымның (немесе объектінің) тек үшінші ұғым (объект) арқылы ойға алынып және танып-білінетін басқаға қатынасы. Яғни объектінің қасиеттері басқа объектілермен өзара қатынасқа түсуі негізінде ашылады. Белгілі бір мақсаттар немесе нәтижелерге жету негізінде қандай- да бір үдерістің немесе іс-әрекеттің құрылымын сипаттайды. Жанамалан- дыру диалектиканың, логиканың және таным теориясының ұғымы ретінде таным үдерісінің құрылымын сипаттайды. Жанама білім – бұл негізделген, қабылданған, дәлелденген түйін. Түсіндіру, негіздеу, дәлелдеу бастапқы алғышарттардың жанамаланған түрін көрсетеді. Дәлелдеу мақсатын көздеген ойлау дискурсивті үдеріс болып табылады. Бұл үдерістің әрбір жаңа қадамы өзінің ізашар алдыңғысымен жанамаланған. Танымдағы тікелей және жанаманың қатынасы қарастырылатын зат және оның логикалық өрістетуі арасындағы қатынас ретінде көрінеді.