З ЗАЛАЛ – тұлғаға немесе жеке меншікке келтірілген қандай да бір за- қымның, заттай шығынға ұшыраудың, заңды және заңсыз түрде тигізілген
зияндықтың салдары. Заңды тұлғаның құқығы бұзылуы салдарынан ала алмай қалған табысы, бұзылған құқын қалпына келтіру үшін жұмсаған немесе жұмсауға тиіс шығыны, оның мүлкінен айрылуы немесе мүлкінің бүлінуі. ҚР Азаматтық кодексі бойынша, құқығы бұзылған тұлға, заңда немесе келісімшартта көрсетілсе, өзіне келтірілген З-дың толық өтелуін талап ете алады.
Билік және басқа да мемлекеттік органның немесе өзін-өзі басқару органының заңға сай келмейтін акт шығаруы салдарынан, осы органның лауазымды адамдары әрекетінен (әрекетсіздігінен) кісіге немесе заңды тұлғаға келтірілген З-ды мемлекет немесе жергілікті мемлекет органдары өтеуі тиіс. Осымен қатар З. шығыстың табыстан (пайдадан) артық болуы, кәсіпорынға немесе жеке кісіге қатысы бар немесе қатысы жоқ себептер- мен келтірілген шығын. Өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржы нәти- желері ретіндегі З. бухгалтерлік баланс бойынша және жекелеген опера- циялармен айқындалады. Шығынның бір бөлігі – айыппұл, өсімпұл, тұрақ- сыздық айыптары, ақауы бар өнім шығару және жұмыссыз бос тұрудан келген З. өнімнің өзіндік құнына кіреді. Келісімшарт талаптарын бұзған жақ, осы бұзудан қарсы жаққа келтірілген З-дың орнын толтыруға міндетті. Зардап шегуші тарап, келісімшарттың бұзылуынан туындаған З-ды заң көлеміне сыйымды тәсілдермен азайтуға тырысады. Мұндай қағида нарық экономикасы дамыған Америка мен Ұлыбританияда қолданылады. Соны- мен бірге, Германияда келісімшарт қасақана бұзылса, ықтимал, болжалды З.-дың қандай мөлшерде болатынына қарамастан, оның міндетті түрде өтелуі талап етіледі. Қазақстанда осы, соңғы үлгі қолданыс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |