Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет293/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ЗОРЛАМАУШЫЛЫҚ ҰСТЫНЫ өз бастауын тірі жан иесіне зиян тигізбеуді дәріптеген, ежелгі Үнді елінің джайнизм философиясынан алады. Дегенмен З. ұ-ның тікелей зерттеле бастауы, америка ойшылы Генри Дэвида Тороның (1817–1862) қызметімен байланысты. ХІХ ғасыр ортасында АҚШ-та құлдықты жою жолдары іздестірілген күрестің өрістеуіне байланысты, тақырып оның басты зерттеу нысанына айналады. Өзінің
«Азаматтық ырыққа көнбеу туралы» деген саяси эссесінде, сол тарихи дәуірдегі АҚШ қоғамын зорлық жасамай өзгертуге болатыны айтылады. Бұл идеяның құндылығы қарулы көтеріліске шақырудың, ресми билікпен террор жолымен есеп айырысудың, зорлық көрсетудің орнына күшке салмау, зорлық көрсетпеудің балама ретінде ұсынылуында болды. Осындай көзқарас кейін Л.Н. Толстой, М.К. Ганди, М.Л. Кинг еңбектерінен көрінісін табады. Осы ретте этика мәселелерімен айналысқан А. Швейцердің қыспақ көрсетпей, зорлық жасамай адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарсы тұрақты күрестің жүргізілуі керектігі туралы идеясын атап айтуға болады.
Әлем халықтарының бастарынан өткізген ұлт-азаттық көтерілістері, төңкерістер, азамат соғыстары және т. б. әлеуметтік дамудың өтпелі дәуірлерінде зорламаушылық ұстынының өзекті бола түсетінін көрсетеді. Өткен ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы жергілікті және халықаралық қақтығыстарға толы болды. Кеңес үкіметінің құлауымен халықаралық қақтығыстар көбейді. Жаһандану үдерісінің қарыштап дамуы әсерінен терроризм, мәдени сепаратизм әлемдік сипатқа ие болды. Осыдан З. ұ. зорлыққа жәй балама емес, парасат күшіне сүйеніп, қақтығыстан шығудың жолы ретінде қарастырыла бастады. Атап айтқанда, қазіргі заманғы халықаралық дипломатия қарым-қатынастың осындай үрдісін пайдаланады.
З. ұ. қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі. Ядролық қарудан бас тарту, халықаралық қауіпсіздік ұйымдарын құруға ынта білдіру, пост- кеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция, «қақтығыс ошақтарына» айналған жерлерде бейбіт өмір мен келісім орнату шараларына қатысу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында бейбітшіліктің жолын ұстайтынын көрсетеді. Атап айтқанда, З. ұ. мен ынтымақтастық мемле- кетіміздің сыртқы саясатының негізіне алынған. Ал ішкі саясат деңгейі дамуында ресми билік, ұлтаралық және дінаралық келісім шарттарын, билік пен саяси оппозиция өкілдерінің өзара байланысында өркениетті саяси күрес, билік пен азаматтық қоғам институттары арасындағы жемісті байланыстар принциптерін ұстанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет