ИДЕАЛДАНҒАН ОБЪЕКТ – идеализация нәтижесі болатын ой таны- мы конструкциясы. Ғылыми теорияның элементі болатын И.о. таным қызме- тінің маңызды құралы. Теориялық ұстанымдар қалай да, реалды объектілер- ге тікелей қатысты болмайды, керісінше өзінің көптүрлігі мен эмпирика- лық қасиеттері және қатынастарында алынған реалды объектілерді зертте- ген кезде қол жетпейтінді, мәнді байланыстар мен заңдылықтарды анық- тауға мүмкіндік беретін И.о-інің таным қызметі болады. И.о. сипаты дамы- ған ғылыми білімге тәуелді. Объектілер туралы эмпирикалық түсініктерді идеалдандыру жолымен пайда болған И.о. бөлектенеді. Дегенмен, И.о- іні кіргізу, зерттелетін құбылысты теориялық талдаудың мүмкіндігімен
276
байланысты. Дамыған ғылыми теорияларда жеке И.о-лер немесе олардың қасиеттері емес, керісінше И.о-тің құрылымы мен жүйелері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |