Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет297/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ИДЕАЛДЫЛЫҚ (греч. idea – түр, бейне) – адамның мақсатты қызметі үдерісінде пайда болатын, оның еркі мен санасы түрлерінде көрінісін таба- тын объективті әлемнің субъективті бейнесі. И. аймағын табиғи, әлеуметтік, мәдени және рухани болмыстың көптеген түрлері құрастырады. Таным теориясында И. – адам қызметі түрлерінде, сананың, парасаттың қоршаған ортаны ойда бейнелейтін және тілде көрсететін қабілеті ретінде көрініс табады. Ол логикада сүйенетін ерекше ережелері бар идеалдандырылған объектілердің (сандар, фигуралар, ғылымның абстрактілі объектілері) ерекше болмысқа ие болған тобы ретінде алға шығады. Әлеуметтікте И. адамдардың қарым-қатынасын реттейтін жалпы маңызды мәдени нормалар жиынтығы, діни ережелер, мораль, құқық, өнер, ғылым ретінде көзге түседі. Дара-кісілік тұрғыда И. сұраныстар, мақсат, тілек, ойлар, рухани жан ізгілігі ретінде адамның ішкі әлемін құрайды. Бұлар адамның әлемдегі белсенділік детерминантын анықтайтын өмірлік қызметінің ерекше түрі. Сол арқылы ол өзінің жоғарғы, әмбебап, нағыз адами қасиеттерін анықтайды, жүзеге асырады.


ИДЕАЛИЗМ – философияның негізгі сұрағы, шешіміне байланысты пайда болған, Рухтың, идеяның, сананың біріншілігін, материя, табиғаттың, болмыстың, объективті шындықтың екіншілігін мойындайтын ұғым. И-нің кез келген түрі материализммен сай келмейді, қайшылықта болады. Терминді 1702 жылы Г.В. Лейбниц идеалист Платон мен материалист Эпикур философиясы салыстырмасында қолданған. Дегенмен, ең алғашқы идеалистік ілім ретінде санды, шекті мен шексіздікті заттардың алғашқы негізі деп есептеген Пифагор философиясы мойындалады. Пифагор әсерін сезінген Платон идеализмді классикалық деңгейге көтерді. Платон жаңаплатоншылдар идеализмі, кейін Г. Гегель философиясы арқылы объективті идеализм атауына ие болады. Объективті идеализм адам санасынан тыс заттардың реалды өмір сүретінін мойындайды және руханиға объективті болмыс үлесін береді. Ол субстанциальді (мәнді), сондықтан да заттықпен салыстырғанда ақиқат өмір сүреді. Адам ойы, ұғымдары, бейнелер оның өзінен тыс өмір сүретін объективтенген руханилықтың көрінісі, сондықтан да, адам ойының түрлері болмыс түрлеріне бара-бар, тең болады. Сайып келгенде, шындық, жақсылық, әсемдік, көркемдік және т. б. обективті өмір сүреді. Объективті идеализм ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында абсолютті идеализм атауымен (Ф.В. Шеллинг, Г.В. Гегель) және жаңагегельшілдер (Т. Грин, Ф.Г. Брэдли, Б. Бозанкет, Дж. Ройс, Б. Кроче және басқалар) философиясында кең таралымын табады. ХVІІІ


277

ғасырда Дж. Беркли, Д. Юм философияларында субъективтік идеализм қалыптасады. Беркли негізін қалаған субъективті идеализм: «Өмір сүру – демек, қабылдауда болу» («существовать – значить, быть в восприятии»). Осылайша, субъективті идеализм ненің болса да (заттар мен денесіз идеялардың, рухтардың), тәжірибе аймағынан тыс өмір сүретініне күмән келтіреді. Субъективтік идеализмде болмыс жалғыз ақиқаттық болатын тәжірибеге сәйкес келеді. Субективтік идеализм түрі болатын солипсизм (солипсизмге ең жақын келген имманенттік мектеп өкілдері В. Шуппе мен Р. Шуберт-Зольдерн) болмысты таным субъектісінің санасымен шектейді. Субективтік идеализм тәжірибеден тыс заттардың өмір сүретіні туралы сұрақты «мәні жоқ» деп жариялайды. Субективті идеализм ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында (прагматизм, эмпириокритицизм, махизм, неопозитивизм) кең таралымын тапты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет