Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет294/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ XIX ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында пайда болып, кең өріс алған. Оның негізін қалаушылар – Л. Гумплович, К.Каутский, Е. Дюринг Германия және Венгрия мемлекет- терінің пайда болу тарихына сүйеніп, мемлекет тек соғысу және жаулап алу негізінде қалыптасады деп мәлімдеген. Австриялық социолог және мемлекеттанушы Гумплович сыртқы зорлық теориясының өкілі. «Тарихты қарасаңыз, ол бізге мемлекеттің зорлық арқылы емес, өзге бір тәсілмен пайда болуының бірде бір мысалын келтірмейді. Ол аздай, бұл бір тайпаның өзге тайпаға жасаған зорлығы болатын, ол күштілеу жат тайпаның өзінен әлсіз, отырықшыланып үлгірген тұрғындарды жаулап, басып алуында көрініс тапқан». Гумплович хайуандар өмірінің заңын адамзат қоғамына аударады, сөйтіп әлеуметтік құбылыстарды анайыландырады. Оның айтуынша, жабайы ордалардың, қоғамдардың, мемлекеттердің әрекеттеріне табиғаттың күрделі заңы билік етеді. К. Каутскийдің ойынша да, мемлекет сырттан жаулап алу арқылы пайда болады. Оның бұл тұрғыдағы уәждері Гумпловскийдікіне өте ұқсас. Е. Дюрингтің ойлары да осы бағытта дамыған. Сөйтіп, З. з. т. бойынша, бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы құлшылықтың негізгі себебі деуге де болады.
Бірақ іс жүзінде бұл теория құлшылықтың себептері мен табиғатын аша алмаған. Құлшылықты тудыратын бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы ма, әлде, керісінше, қоғамның таптарға бөлінуіне байланысты жаугершілікті құлшылық туғызғаны жөнінде пікірталас ғылымда жалғасуда. Жаугершіліктің өзі, бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы, тек еңбек құралдары және қоғамдағы өндіріс біршама деңгейге көтерілгенде ғана өзге халықтарды жаулап алатындығы тұжырымдар басымдық танытады. З. з. т. айтуынша, жеке меншік құбылысының пайда болуы да жаугершілікке байланысты. Зорлық құлшылықты тудырады, ал құлшылық – жеке меншікті. Ал соңғы нәрсеге тайпалардың көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшуі де байланысты. Мұндай жағдайда туындайтын мемлекеттік билік тек білек күшіне негізделген. Ол ру-тайпалық мемлекет. Оның негізі – бір тайпаны өзге тайпаның күштеп басып алуы.
Тарихқа жүгінсек, мемлекеттік билік жеке меншік құбылысын тудырады деген тезиске сену қиын. «Жеке меншік мемлекеттік биліктің құралы» деген тезиске сену одан да қиын. Бәрі де керісінше. Жеке меншік ақыр аяғында мемлекеттік билікті тудырумен шектелмей, оның сипатына да ықпал етеді. Әрине, белгілі мөлшерде З.З.Т. растауға да болады. Мысалы, моңғол шапқыншылығы нәтижесінде орыс халқы жаулап алынып, Алтын Орда мемлекеті құрылды. Бұл мәселе Ұрым империясы, көне герман мемлекеті, тіпті, АҚШ тәжірибесінде де расталады. Сонда да, бұл теория тарихтағы зорлықтың мәртебесін мейлінше көтергенімен, көптеген мемлекеттердің және құқылық жүйелердің тіпті де жаулап алу нәтижесінде пайда болмағаны есепке алынбайды.


ЗҰЛМАТ – түрлі табиғи апаттар (зілзала, топан су, өрт, құрғақшылық, жұт) мен төтенше саяси-әлеуметтік қайшылықтарды білдіретін ұғым. Көшпенділік өмір салтына байланысты «жұт» жылдары халық өміріне қатер төндірді, үлкен сын болды. Сондықтан, «жұт жеті ағайынды» деп, оның ұзаққа созылуынан сақтанды. Қазақ халқы тарихындағы Жоңғар шапқыншылығы, 1931–1933 жылдардағы ашаршылық, 1937–38 жылғы жаппай саяси қуғын-сүргін оқиғалары З. жылдары деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет