ИМПЛИЦИТТІК (лат. Implicite – шатысқан, шырмалған, анық емес) – логикалық және әдістемелік әдебиеттерде ұғымды «имплицитті болатын»,
«имплицитті анықталған», «имплицитті кіргізілген» деген сөз тіркестерінде жиі қолданылады. Сөздің астарына байланысты оның әртүрлі мәні болады. Мысалы, салыстырмалы берілген ой жүгіртулерде түсіп қалған, бірақ сөйлемде оның бар екені жобаланған сілтеме туралы, ол осы ой жүгіртуде имплицитті болады деп айтылады. «Имплицитті анықталған» сөз тіркесі, мәні тікелей көрсетілмейтін, сөйлем немесе сөйлемдер арқылы белгілі бір терминнің мәні тікелей тура ашылмайтын кейбір ой жүгіртулер жүйесінде бүтіндей алынған осы теорияда және т. б. белгілі бір терминнің мәні жанама түрде ашылатын терминдерге қатысты қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |