Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Шешендік  эрудиция 
–  бұл  риторика  саласындағы  мәселелерді  шешуде  шешен-мұғалімге 
көмек болар оның жетік, жан-жақты білігі. 
Сөйлеу  мәдениеті.
  Шешеннің  басты  қызметі  –  сөйлеу.  Бейнелеп  әсем  сөйлей  білу  –  бұл 
жоғары мәдениеттіліктің белгісі. 
Шешендік  өнер  –  адамзат  өркениеті  тудырған  рухани-мәдени  құндылықтардың  бірегейі. 
Оның өсіп өркендеуіне халықтық демократиялық дәстүрлер негіз болады. Ол әрбір ұлттық тарихи-
әлеуметтік,  саяси  –экономикалық  өмірінде  қоғамдық  қажеттіліктен  туады.  Сондықтан  шешендік 
өнер мен оның тарихы – адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі. 
Шешендік  өнер  табиғатын  танып  білуге,  оның  қағидаларын  меңгеруге  жоғары  сыныпта 
берілетін сабақтардың осыған байланысты тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ғана жүзеге асып, 
оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін  игеруіне  жағдай  жасалады.  Қазақта  «Шешеннің  сөзі  мерген, 
шебердің көзі мерген» деген мақал бар. Осыдан сөз күшінің ерекшелігін аңғаруға болады. 
Сөз  мәнерін,  техникасын  меңгеріп,  ақиқатты  тану  сияқты  қабілетті  қалыптастыру  көп 
ізденісті  керек  етеді.  Оқу  шеберлігіне  баулу  және  дағдыландыру  –  жүйелі  сөйлеуге  тәрбиелеу 
үрдісінің үйлесімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет