Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ



бет50/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#34102
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Құрастыру
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.
Міндеттері:
1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
2. Кеңістікті бағдарлау, қарапайым құрылыс салу, оларды қалпына келтіре білуді дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдарынан және «Лего» тәрізді ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.
Балаларды түрлі түстегі және түрдегі геометриялық пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер) бар ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының жиынтығымен таныстыру.
Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.
Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа - ұзын», «жіңішке - жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.
Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.
Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.
Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау.
Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет